Алуан-алуан мектеп бар...
Мектеп – әрбір адамның санасын кемелдендіріп, сауатын ашатын, үлкен өмірге тәрбиелейтін білім ордасы. Алғашқы қоңырау үні естілгендегі ұстаздардың қарсы алып күтіп алуы, сыныптастарыңмен ең бірінші рет танысу, бала махаббат сынды естен кетпес қызығына толы балдай тәтті балалық шағының бір бөлшегі.
Алайда әлемдегі әр адам білімді әр түрлі бірі – тауда, бірі – судың ортасында, енді бірі – көшіп жүріп жинайды екен. Сіздердің назарларыңызға топ-5 әлемдегі ең ерекше мектептер жинағы.
Үңгірдегі мектеп
Қытайдағы Гуйчжоу елді мекеніндегі халықтың әл- ауқатының төмендігінен 1984 жылы бір ғана бастауыш сыныбы оқитындай етіп ашылған. Ішіне 200 дей оқушы сия алады. Мектеп ашуға биліктен қаражат бөлінбеген соң, ауыл халқы бірлесіп үңгірді мектеп қылып, тақта, ағаш парта, орындықтарын өздері сатып алып жабдықтаған. Бұл үңгір 23 жыл білім ордасына айналғаннан кейін қытай басшылығы 2011 жылы «Қытайлықтар –үңгірді мекендейтін халық емес» деп бұл мектепті жауып, жаңадан мектеп ашып берген.
Судағы білім
Көшіп-қонып...
Мектеп әлемнің әр түкпірінен жиналған 15 оқушының жыл сайын 4 мемлекетте, яғни 3 жылда 12 мемлекетте білім алуымен ерекшеленеді. Мектептегі оқытушылардың айтуынша, мектеп балаларды өз бетінше білім алуға, әлемді тануға және әлемдегі маңызды өзгерістердің бірі болуға қалыптастырады. Think Global мектебінің директоры Джеймс Стекардтың айтуы бойынша: «Шет елдерде көшіп оқу – мектептің басты құндылығы емес. Және де тестілеуден жоғары балл жинауда емес. Біздің мақсатымыз XXI ғасырдың жаңа дағдыларын үйретіп қана қоймай, өзгерістерге бейім, жан-жақты дамыған жеке тұлға дайындап шығу» деді.
1972 жылдан бастап жұмыс істейтін ежелгі оқу орындарының қатарында. Мектептің ерекшелігі – басқа мектептер білім жүйесімен сапасын негізге алса, бұл мектеп әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарайды. Альфа мектебі қызметкерлерінің түсінігінше әр баланың өзіндік қызығушылығы мен оқу жылдамдығы әр түрлі. Сол себепті мектеп күн тәртібі мен сабақ кестесіне сүйенбейді. Сыныптағы оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай емес, қызығушылықтарына қарай бөлінеді. Үйге үй тапсырмасы берілмейді. Мектепке және оқушыға қатысты маңызды мәселелер ай сайынғы оқушылар мен ата-аналар, ұстаздармен өтетін жиналыста талқыланады.
Мектеп оқу жылындағы шытырман оқиғалармен ерекшеленеді. Мектеп балаларға үйдегі атмосфера мен жайлылық, еркіндік сыйлайды. АҚШ-тағы бұл білім ордасында шытырман оқиғалардың болуы – сабақтардың сыныптарда емес сыртта өтуінде. Мысалы архитектура сабағының қала көшелерінде, биология, география сабақтары өзендер мен табиғат аясында өтіледі. Сондай-ақ мұғалімдер оқушыларға өлең жазуына, видео түсіруге түрлі идеялар ұсынады. Бірге йогамен айналысып, тауда велосипед айдап, түрлі ойындар ойнайды.
Түйін.
Баланың қымбат болсын, арзан болсын, көкте болсын, жерде болсын қандай мектепте білім алуы маңызды емес, бастысы – балалық шақ уақытын босқа жібермей, пайдалы іспен айналысып үлкен өмірге сағы сынбайтын мықты тұлға болып қалыптасып, аяқ басуы.
Алайда әлемдегі әр адам білімді әр түрлі бірі – тауда, бірі – судың ортасында, енді бірі – көшіп жүріп жинайды екен. Сіздердің назарларыңызға топ-5 әлемдегі ең ерекше мектептер жинағы.
Үңгірдегі мектеп
Судағы білім
Жыл сайын екі рет миллиондаған халқы су тасқынынан балалары мектепке бара алмай зардап шегетіндіктен Shidhulai Swanirvar Sangstha ұйымы Бангладеш халқына ерекше қызмет түрін ұсынған. Мысалы судағы мектептер мен үйлер және медициналық орталықтарын ашып, күн сәулесінен қуат алатын компьютерлер мен шағын кітапханалармен қамтамасыз етіп, балалардың толыққанды білім алуына жағдай жасауда. 2002 жылы ашылған бұл білім ошағында осы күнге дейін 70 000 бала білім алған.
Көшіп-қонып...
Альфа мектебі. Канада
Шытырман оқиғалар мектебі
Баланың қымбат болсын, арзан болсын, көкте болсын, жерде болсын қандай мектепте білім алуы маңызды емес, бастысы – балалық шақ уақытын босқа жібермей, пайдалы іспен айналысып үлкен өмірге сағы сынбайтын мықты тұлға болып қалыптасып, аяқ басуы.
Гүлжан САРМОЛДИНА