Топ-баннер
» » Белсенділер бас қосты

Белсенділер бас қосты

Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында аудан жастары және зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінен, сондай-ақ әр сала бойынша белсенді жастар қатысты. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Іс-шарада «Ұлт бірлігі – Қармақшы» ҚБ-нің төрағасы Шегебай Құндақбаев, аудандағы қоғамдық кеңестің төрайымы Гүлжауһар Раева, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева, аудандық жастар үйінің маманы Айбек Жұмахмет тәуелсіздіктің тұғыры жайында өз ойларын жеткізді. Аға буын өкілдері еріктіліктің қанмен келген қасиет екенін, қайырымды істің берекеге бастайтынын айтып, көпке қамқорлық танытып жүрген жастарға ризашылығын жеткізді.
– Әлем елдерінің кей жерлерінде неше түрлі қақтығыстар орын алуда. Тіпті тәуелсіздік жолында күресіп жатқан елдер де бар. Біз қазақ елі дүниежүзінде болып жатқан дүрбелең қақтығыстардан аманбыз. Бұл Елбасының сарабдал саясаты, даналығының арқасында болып отыр. Ұлт Көшбасшысының саясаты дұрыс болғандықтан осындай бейбіт заманда өмір сүрудеміз, – деп пікір білдірді жастар үйінің маманы Айбек Жұмахмет.
Жиын соңында ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға, гуманистік мұраттар мен еріктілер қозғалысының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар белсенділерге ұйымдастырушылар атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
21 желтоқсан 2020 ж. 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 550
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 353

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031