» » Отбасылық сайыс өтті

Отбасылық сайыс өтті


Өткен сенбіде "Дәметкен Ана" балаларды оңалту орталығының ұйымдастыруымен "Көңілді старт" отбасылық эстафетасы өтті. Мұнда балалар ата-аналарымен "Кім шапшаң?", "Кенгуру", "Тез қимылда", "Жүйрік паровоз", "Арқан тарту" секілді сайыстардан өзара бақ сынасты.
Иә, ерекше балалар қоғамда өздерін еркін сезіну керек. Осы секілді сайыстар көпшілік ортада қалыптасқан теріс стреотиптерді жоюға көмектеседі. Іс-шарада қайырымды жандар да қалыс қалған жоқ. "Демеу" еріктілер тобы өз үлестерін қосып бірге атсалысты.
Сайыс нәтижесі бойынша І орынды – Айтовтар отбасы қанжығасына байласа, ІІ орынды Бақтыбаевтар отбасы иеленді. Ал ІІІ орынды –Құсайыновтар отбасы, IV орынды – Жанқұловтар отбасы еншіледі.
Жиын соңында Қармақшы ауданының құрметті азаматы, білікті дәрігер Владимир Шерғазин балаларға сыйлық тарту етті.

"Қт" ақпарат

21 желтоқсан 2020 ж. 1 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 799

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930