» » Жас құтқарушылар жарысы

Жас құтқарушылар жарысы

Жуырда аудандық білім бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Егізбаев атындағы №121 мектепте «Жас құтқарушы» атты сайыс өтті.
Мақсат –  оқушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмысын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, құтқарушы тәсілі арқылы саламатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру.  Сайыс аудан мектептерінің қатысуымен өтті. Оларға аудандық төтенше жағдай бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны С.Абжаева, №5 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі Б.Жұмабаев, аға өрт сөндіруші Ғ.Жүнісов, аудандық оқушылар үйінің әдіскері А.Әбдіреевалар төрелік етті.
Жалпы сайыс таныстыру, сұрақ-жауап, жауынгерлік қанат жаю, өрт сөндіру калонкасын белгіленген нүктеде орнату, арқан байлау, алғашқы медициналық көмек көрсету секілді кезеңдерді қамтыды. Тартысты өткен байқау нәтижесінде оқ бойы оза шапқан №121 мектептің «Қыран» тобы І орынды иеленді. Ал №250 мектептің «Құтқарушылар» тобы ІІ орынды қанжығасына байласа, «Жас қыран» тобы ІІІ орынды місе тұтты. Сондай-ақ, №26 мектептің «Еңбек», №30 мектептің «Жас ұлан» тобы, №250 мектептің оқушысы А.Қыдырбай, №26 мектепің оқушысы С.Бекмырзақызы арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
01 сәуір 2019 ж. 1 837 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930