» » Еліме адал қызмет етемін

Еліме адал қызмет етемін


20 жастағы Нұрсұлтан Тоқбергенов «елім» дейтін жанашыр азаматтың қатарында. Жосалылық жігіт Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептен түлеп ұшқан соң Алматыға арман қуып аттанады. Онда ол Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде «Байланысшы» мамандығын игеріп шығады. Қара шаңырақты бітіре салысымен 2018 жылы әскерге шақырту келіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы Мемлекеттік Күзет Қызметі, Айбын Президенттік полкы, 0112 әскери бөлімі, Құрмет қарауыл ротасында әскери борышын өтеп келеді. Бүгінде Нұрсұлтан Асанұлы жоғары оқу орындарының бірінде білім алуда.
– Есімім Елбасымен егіз. Сол кісідей дара тұлға болсын деп әжем қойған. Бұл есіміммен Нұр-Сұлтан қаласы тығыз байланысты. Себебі онда Отан алдындағы әскери борышымды өтедім. Оны өтеу – азаматтық парыз. Әскер – нағыз шыңдайтын мекен. Нұр-Сұлтан қаласында өткен әскери қызметім маған өмірлік сабақ болды, – дейді Елбасының аттасы.
Айнұр ӘЛИ
02 желтоқсан 2020 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 224
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031