» » Елбасымен кездескен ерекше күн

Елбасымен кездескен ерекше күн

Біз тәуелсіз елде, бейбіт заманда өмір кешудеміз. Ал бұған дейінгі уақыт біз үшін тек кітаптан оқитын тарих. Ал сол тарих беттерінде өзіндік із қалдырған, тәуелсіз елдің төрге шығып, дамыған елдердің қатарынан көрінуіне себепші болған тұлғалар жетерлік. Бұл ретте, 30 жылға жуық ел басқарып, сарабдал саясаты арқылы талай сынды еңсерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың орны ерек. Тұңғыш Президенттің тұщымды бастамаларымен елде оң өзгерістер орын алып, игі істер әлі де жалғасын табуда. Ал осындай сәтте Елбасымен кездесу екінің біріне бұйырмайтыны белгілі. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қызылорда қаласында мұз айдыны ашылған болатын. Бұл ауқымды шараға Елбасы арнайы келіп қатысқан еді. Елбасы қатысатын мұз айдынының ашылу салтанатына әлемді бағындырып жүрген сырдың сайыпқыран спортшылары да шақыртылған еді. Солардың бірі, жерлесіміз – Айбек Серікбаев.
Ол қасиетті Қармақшының тумасы. Жастайынан спортқа қызығушылығы басым Айбек 11 жасынан бастап қазақ күресімен айналысады. Бұл кезеңде алғашқы жаттықтырушысы Бақберген Тәттімбетовтен тәлім алған. 2010 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионы, 2011 жылы Азия және әлем чемпионы, 2012 жылы жастар арасындағы Қазақстан чемпионы атанған. Үздіксіз дайындық пен білікті бапкерлердің арқасында 2013-2014 жылдары «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушысы, 2014 жылы Қазақстан Республикасы спартакиадасында жеңіске жетсе, 2015 жылы қазақ күресінен, 2016 жылы дзюдо күресі бойынша ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында ІІ орын иеленсе, ал 2018 жылы ІІІ орынды қанжығасына байлаған.
Осыншама жеңістің артында қайтпас қайсарлық пен тынымсыз дайындықтың бары рас. Ол бұл биіктің барлығы өмірде өнегелі жан, спортта білікті бапкер бола білген әкесі Әділбектің арқасында деп біледі. «Болам деген баланың, бетін қақпа, белін бу» деген халық нақылын басшылыққа алған әке спорттың қыр-сырын үйретіп, болашақ ел азаматын баулығаны көрініп-ақ тұр.
Өміріне спортты серік еткен Айбек Әділбекұлы бүгінде дзюдо күресінен ұлттық құрама командасының мүшесі. Мақсаты айқын, бағыты оң спортшы 2021 жылы болатын олимпиада ойындарына үміткер. Облыс орталығындағы бапкері Кален Қалиұлымен қызу дайындық жүргізуде. Кейіпкеріміз түзде спортшы, ал үйде ұл тәрбиелеп отырған жас әке. Әке салған сара жолды ұстанған Айбек, өз атұстарының спорт саласын таңдап, ата жолын жалғарына үмітті.
Ал тарих беттерін қайта қарап, өткенді парақтап Елбасымен кездескендегі әсері туралы сұрағанымызда:
– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлымен кездескен күн мен үшін өте ерекше болды. Себебі, ол қай кезде де қоғамның неғұрлым ұтқыр және жігерлі бөлігі ретінде жастарға зор үміт артып, өз елінің тірегі болу қажеттігін алға тартады. Олардың өзін-өзі дамытумен айналысып, өмір сүруге және қоғам үшін жақсы істер жасап үлгеріп қалу керегін атап өтті. Бұл кездесуде айқын мақсат қойып, оған жете білген тұлғаның ағалық ақылын тыңдадым. Ел намысын қорғап жүрген жалынды жастарды мақтан тұтатынын естігенде патриоттық сезімім арта түсті, – дейді Айбек Әділбекұлы.
Иә, Елбасымен кездескен күн қанша уақыт өтсе де естен шыға қоймас. Ел даңқын арттырар спортшының биік белестерді бағындырып, әлі талай шәкірт шыңдарына біздің де күмәніміз жоқ.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА



01 желтоқсан 2020 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031