«QAMQOR» кәсіпкерлердің құқығын қорғайды
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті әрбір кәсәпкер үшін қол жетімді көмекші болатын «QAMQOR» қосымшасын әзірледі. Ол бағдарлама өзіңіздің кез келген гаджетіңізге (ұялы телефон немесе планшет) жүктеп, тіркелсеңіз және тексеру тағайындалған жағдайда сіздің гаджетіңізге «сізге тексеру келеді» мәтінмен хабарлама келеді. Хабарламаны бассаңыз толық көрініс ашылып, онда тексеруші орган, тексерушінің аты-жөні, сондай-ақ тексерудің түрі, мәні және мерзімі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» ұялы қосымшасының жетілдірілген нұсқасын іске қосты
Негізгі жаңашылдығы ретінде тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы болып табылады.
Кәсіпкер аталған кодты сканерлеп, тексерушінің тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп, оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актісімен салыстыра алады.
Сондай-ақ, кәсіпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны алған соң, тексеру басталғанға дейін тексеру барысында қойылатын талаптармен таныса алады.
Тексеру аяқталған соң, кәсіпкер қосымша арқылы көрсетілген бұзушылықтар туралы тексеру қортындысымен таныса алады.
Қосымшаны Android үшін Play-market-тен, сондай-ақ я IOS құрылғыларына App-Store-дан жүктеуге болады. «Qamqor» ұялы қосымшасы тексеру процесін қосымша бақылап отыруға, сол арқылы кәсіпкерлер мен бизнесмендерді тексерушілердің заңсыз әрекеттерінен қорғауға және көмектесуге мүмкіндік береді.
Ұялы қосымша мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Б.РҮСТЕМОВ
ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
Қызылорда облысы бойынша басқармасының Қармақшы ауданы бойынша өкілі