» » Аудан әкімі "Үркер" сыйлығының иегерін қабылдады

Аудан әкімі "Үркер" сыйлығының иегерін қабылдады


Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы «Үркер» Ұлттық сыйлығы байқауының «Жылдың үздік репортажы» номинациясы бойынша жүлдегері, «Kyzylorda-news.kz» порталының бас редакторы жерлесіміз Мықтыбаев Нұрсұлтан Ертуғанұлын қабылдады.

Биылғы жылы бұл шара айрықша маңызға ие болып, "Үркер - 2020" сыйлығы 11 номинация бойынша табысталды. Сонымен бірге байқауда Шерхан Мұртаза атындағы жаңа номинацияда енгізіліпті. Аталған байқау жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған радио, баспа және интернет-журналистика саласының үздіктерін анықтады.
Кездесуде аудан басшысы Мұса Оспанұлы:
- Кіндік қаныңыз тамған Қармақшылық жерлестеріңіз Өзіңізді қай кезеңде де мақтаныш етеді. Сіздің еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да қоғамымызды нығайтып, өлкеміздің өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қоса береді деген сенімдемін. Өзіңізге мықты денсаулық зор шығармашылық табыс тілеймін.- деді аудан әкімі.

Нұрсұлтан Ертуғанұлы Жосалы кентіндегі Ү.К. Томанов атындағы №183 орта мектептің түлегі.
Қазіргі таңда «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы лауазымын атқарып келеді.

Кездесу соңында аудан басшысы арнайы алғыс хат табыстап сый-сияпат көрсетті. Өз кезегінде майталман журналист ризашылығын білдіріп, өңіріміздің дамуы үшін бар күш жігерін салатынын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 қараша 2020 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 332
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 855

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930