» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Жосалы кенті тұсындағы аудандық «Қазсушар» өндірістік учаскесінің теңгеріміндегі Сырдария өзенінің оң жағалауының ПК-00-ПК-17,5 және ПК-17,5-ПК-20,5 аралығындағы қорғаныс бөгеттеріне ағымдағы жөндеу, таспен көмкеріп, құммен кеңейту және нығайту жұмыстары басталуда. Алайда, Жосалы кентінің Аманкелді көшесінен Сырдария өзенінде орналасқан көпірге дейінгі аралықтағы дария жағалауына жақын орналасқан кент тұрғындары есік алды ауласы қорғаныс бөгеттерімен шектесіп, кейбір тұстастарында бөгет үстіне қора-жайлар салып, қоршап алған.
Бұл жағдай қорғаныс бөгеттеріне тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жүк көліктері мен арнайы техникалардың қозғалысына қиындық келтіріп, жұмыс жасауына кедергі келтіруде.
Осыған байланысты Жосалы кенті әкімшілігінің және аудандық «Қазсушар» өндірістік учаскесінің, аудандық жер бөлімі мен аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің мамандарымен бірлесіп, Аманкелді көшесінен бастап К.Тәуекелов көшесі бойында орналасқан тұрғындардың үйін аралап, бөгетке жақын салынған қора жайларының қоршауын ағымдағы 10 күннің ішінде меншігіне тиесілі жерге көшіруі қажеттілігі ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
19 қараша 2020 ж. 942 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 237
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031