» » БАҚЫЛАУ ТОБЫ РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

БАҚЫЛАУ ТОБЫ РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес партиялық бақылау және аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің арнайы мониторингтік топтарының бірлесе ұйымдастыруымен Жосалы кентіндегі әлеуметтік нысандар мен көшелерге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылау мақсатында рейд жүргізілді.
Құрамында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәс­лихат депутаты Дастан Буханов, ау­дандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің арнайы мониторингтік топ басшысы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, мүше­лері аудандық мәслихат депутаты Гүлжауһар Раева, аудандық «Қармақшы таңы» газеті бас редак­торының орынбасары Нұрбай Жанәділов және Жосалы кенті әкім­дігі мен құрылыс, қала құры­лысы және сәулет, сонымен бірге тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлері өткен жылы ел игілігіне пайдалануға берілген «Айгөлек» балабақшасында болып, Сырдария өзені суының көтерілу салдарынан балабақша ішіндегі қабырғаларының сөгілуіне байланысты жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан «Ақмешіт-Мелиоратор» құры­­­лыс мекемесінің атқарып жатқан жұмыс­тары­мен танысты. Мекеме өкілі Қазбек Асылбековтың бала­бақша бойынша жөндеу жұмысының барысы жайлы хабарламасына назар қойып, атқарылған жұмыстарды пысықтады.
Сонымен қатар, рейд барысында топ мүшелері кент орталығында Аманкелді, Сүлейменов, Абай және басқа да көшелерге «Госзакуп S» мекемесі жұмысшыларының күшімен жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Н.ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
20 тамыз 2018 ж. 1 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 266

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728