» » «Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобасы аясында мониторинг жұмыстары жүргізілуде

«Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобасы аясында мониторинг жұмыстары жүргізілуде

2020 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтың мүшелері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолы Қызылорда қаласының А. Досхожин көшесінежылжымалы зертханамен мониторинг жұмыстары жүргізілді.
«Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жыл басынан бері «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасы аясында Қызылорда облысы бойынша автомобиль жолдарына қоғам, БАҚ және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдерімен жылжымалы зертхана арқылы 18 рет мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аталған мониторинг қорытындылары бойынша тиісті сала мамандарымен 53 кемшілік анықталып, құзіретті мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берілген болатын.
Берілген ұсыныстардың қорытындысымен бүгінгі күні 35 кемшілік қайта қалыпына келтірілсе, қалған кемшіліктерді жою мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
А.Досхожин көшесінде жүргізіліп жатқан жол салу жұмыстарының сапасын зертхананың қортындысынан кейін белгілі болатындығын хабарлаймыз.
16 қараша 2020 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031