» » Облыс әкімінің орынбасарымен мәжіліс өтті

Облыс әкімінің орынбасарымен мәжіліс өтті

2020 жылғы 17 маусымда облыс әкімінің орынбасары С. Сүлейменов, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов, қала және аудан әкімдері мен «Ұлттық жол активтері» сапасы орталығы РМК Қызылорда филиалы басшысының орынбасары Е. Усмановтың қатысуымен облыс көлеміндегі автомобиль жолдарының материалдары мен жол сапасына жүргізіліп жатқан сараптама деңгейін талқылап, мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді түзету мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.


Мәжіліс барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы нақты «проблемалық бағыттарға» көңіл бөлу және оларды шешу сыбайлас жемқорлықты алдын-алу, сондай ақ өзінің баяндамасында «Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы барысына тоқталды.

Автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың 10 маусымынан бастап «Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істеп келеді.

Жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.


Сонымен бірге «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» ШЖҚ РМК басшысының орынбасары Е. Усманов: Қызылорда облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК мамандары жергілікті маңызы бар облыстық, аудандық және қала жолдарына 27 сәуірден бастап 12 маусым аралығында, барлығы 44 рет жолға шықты. Ішінара тексеру барысында 213 сынама алып, 173 сынамаға зертханада сынақ жүргізді. Оның ішінде облыстық, аудандық маңыздағы жолдарға 31 рет жолға шығып, 174 сынама алынып, 149 сынамаға зертханада сынақ жүргізгенін хабарлады.

Қызылорда облысы аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3397 км құрайды. Оның 1016 км - республикалық, 557 км - облыстық және 1824 км - аудандық маңызы бар жолдар. 2020 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық үлесін 69%жеткізу межеленгендігін (2019 жылы – 65%) назарға саламыз.

18 маусым 2020 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031