«Сапалы жол» жобасы аясындағы жұмыстар күшейтілуде
Тәжірибе көрсеткендей, нақты «проблемалық бағыттарға» көңіл бөлу және оларды шешу сыбайлас жемқорлықты алдын-алудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
Алайда, көпшілікке мәлім, бүгінде елдегі жолдардың сапасы «проблемалық аймақта» және үнемі халықтың назарында.
Сонымен бірге, осы бағыттағы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына қарамастан, олардың іс жүзінде іске асырылуы әрдайым үмітке сай емес.
Бұл жағдай осы салада жобалық басқару принциптерін енгізуді қажет етті.
Үкіметтің 2019 жылғы 19 наурызындағы № 131 Қаулысымен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылған болатын, негізгі мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу деп белгіленген болатын.
Орталықтың ашық жұмыс механизмін құру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды.
Автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың10 маусымынан бастап ««Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істеп келеді.
Жобалық кеңсенің мақсаты Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелеріне сәйкес келетін орталық қызметінде парасаттылық қағидаттарын және комплаенс саясатын енгізу болып табылады.
Жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобалық кеңсенің қызметінің бағыттары:
1)қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
2)қазіргі заманғы сандық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу;
3)парасаттылық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын енгізу;
4)бизнес-процестерді жетілдіру және оңтайландыру.
Автомобиль жолдарының сапасына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету шеңберінде облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың,«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне, жолдың жай-күйіне, оны күтіп-ұстауына, сапасына жылжымалы зертханамен ағымдағы жылдың 9 айында15-рет мониторинг жүргізіп, 42 ахаулар мен кемшіліктер анықталып, берілген ұсыныстың нәтижесінде 28- ахаулар жойылса, қалған ахауларды жою бойынша шаралар қабылданған.
Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар жиынтығында бүкіл қоғамның мүдделерін ескеруге және автомобиль жолдарын салудың, қайта жаңартудың және жөндеудің барлық сатыларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және жолдардың сапасын арттыруға ықпал етеді деп білеміз.