» » «Сапалы жол – Адалдық алаңы»

«Сапалы жол – Адалдық алаңы»


Тәжірибе көрсеткендей, нақты «проблемалық бағыттарға» көңіл бөлу және оларды шешу сыбайлас жемқорлықты алдын-алудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
Алайда, көпшілікке мәлім, бүгінде елдегі жолдардың сапасы «проблемалық аймақта» және үнемі халықтың назарында.
Соңғы бес жылдың өзінде республикалық бюджетке сәйкес автомобиль жолдарын салуға, қайта құруға және күтіп ұстауға шамамен 1,8 трлн. теңге бөлінген.
Сонымен бірге, осы бағыттағы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына қарамастан, олардың іс жүзінде іске асырылуы әрдайым үмітке сай емес.
Бұл жағдай осы салада жобалық басқару принциптерін енгізуді қажет етті.
Үкіметтің 2019 жылғы 19 наурызындағы № 131 Қаулысымен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылған болатын, негізгі мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу деп белгіленген.
Орталықтың ашық жұмыс механизмін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды.
Автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жыллдың 10 маусымынан бастап ««Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істеп келеді.
Жобалық кеңсенің мақсаты Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелеріне сәйкес келетін орталық қызметінде парасаттылық қағидаттарын және комплаенс саясатын енгізу болып табылады.
Жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобалық кеңсенің қызметінің бағыттары:
1)қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
2)қазіргі заманғы сандық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу;
3)парасаттылық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын енгізу;
4) бизнес-процестерді жетілдіру және оңтайландыру.

Бұл ретте, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері және «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне, жолдың қыс мезгіліндегі жай-күйіне, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстауына жылжымалы зертханамен 10-рет шықты, сондай-ақ мекеме, мердігер ұйымдардың басшыларының қатысуымен 6-рет отырыс өткізіліп, 3-рет брифинг ұйымдастырылды.
Жылжымалы зертханамен шығу барысында жалпы 30 ақаулар анықталып, берілген ұсыныстар нәтижесінде 17 жойылды, 13 ақаулар бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ахауларды жою туралы ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынған.
06 тамыз 2020 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031