» » Тойхана дүкенге айналды

Тойхана дүкенге айналды

Елдегі жағдай баршаға аян. Көктемнен бері халықты алаңдатқан індет көп нәрсеге тоқтау қойды. Карантиннің талабына, биліктің шектеуіне көнбеске шара да жоқ. Себебі, елдің амандығы, деннің саулығы – бәрі үшін қымбат. Осы орайда, біршама нысанның жұмысы да тоқтады. Оның ішінде ойын-сауық орталығы мен тойханалар да бар. Ел игілігіне қызмет етіп, көптің қуанышын бөлісуге себепкер болған тойханалар ерте көктемнен бері қонақсыз қалды. Сегіз айдан бері табыссыз қалған кәсіпкерлер тығырықтан шығар жол іздей бастады. Бұл – өте оңтайлы шешім. Себебі, кәсіпкердің кез келген жағдайға икемделе алуы оң өзгеріске бастайды. Ауданда карантинге байланысты кәсібін қайта бейімдеген жандар аз емес. Солардың бірі – кент орталығындағы «Алтын ғасыр» тойханасының иесі Дастан Даңлыбаев.
Аталған тойхана бүгінде киімдер дүкеніне айналды. Жақында дүкеннің ашылуы салтанатты түрде өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбдікеров, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалымжан Ақжігітов пен сала мамандары, аудан кәсіпкерлері мен тұрғындар қатысты.
– Пандемия өмірімізге енгелі көп өзгеріс орын алуда. Соған қарамастан, карантиндік талапқа сай өмір сүруді де үйреніп қалдық. Уақыт талабына орай кәсіпті бейімдеу – нарық үшін өте тиімді. Кәсіптің көбеюі – бәсекелестікті қозғап, қызмет көрсету сапасының жақсаруына сеп болады. Бұл киімдер дүкені қажетімізді ел аспай-ақ өз өңірімізден алуға жол ашпақ, – деді тұсаукесерде аудан әкімінің орынбасары Әділ Үсенұлы.
Одан әрі аудан кәсіпкерлері жаңа бастамаға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Иә, тойхананы жалға алған Маазамхон Комилов дүкенді сан түрлі тауарға толтырған. Онда ерлер мен әйелдерге арналған сырт киім, аяқ киім, балалар киімдері мен ойыншықтары, бас киім мен сөмкенің алуан түрі бар. Көрікті тойхана енді кең, жарық, үлкен киімдер дүкеніне айналған.
Жақсы жаңалық әрі қарай игі іспен жалғасын тапты. Кәсіпкер дүкеннің ашылуына орай 15 отбасыға көмек беруге ниет етіпті. Соған орай аудандық әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімімен келісе отырып, көмек алушылар таңдалған. Бұл шараға олар арнайы шақырылып, 20 мың теңгелік талонға ие болды. Бұл талон арқылы дүкеннен отбасы мүшелеріне қажетті киімді белгіленген сомаға сай өздері таңдап ала алады.
– Мен бұл қаражатқа үлкен қызыма қыстық етік, екінші қызыма көйлек, тағы да басқа қажетті киімдер алдым. Акцияны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – дейді тұрғын Ербол Діңкешов.
Қыстың ызғары сезіліп, күн суыта бастағандықтан көпшілік жылы киімін қамдауда. Көмек алушылар үшін кішкене де болса көмек болғаны сөзсіз. Кәсіпкер М.Камилов мұндай акцияның әр мезгіл сайын жалғасатынын жеткізді.
Сондай-ақ бұл дүкенде 5 адам жұмыспен қамтылуда.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)

30 қазан 2020 ж. 754 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 379

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 458

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930