Киім және аяқ киім дүкені ашылды

Бүкіл жер шарын жаулаған короновирус пандемиясы ел экономикасына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе қызмет көрсететін туризм саласы тұралап, тойханалар табыссыз қалды.
Дегенмен кәсіпкерлеріміз тығырықтан шығудың жолын іздеп кәсібін жаңа бағытқа қарай бұруда. Соның бірі жеке кәсіпкер Дастан Даңлыбаев. Ол өзінің «Алтын ғасыр» тойханасын Тәжікстан азаматы Маазомхон Абдуллоевичпен келісім шартқа отырып, «Киім және аяқ киім әлемі» дүкенін ашты.


Оның аясында 15 көпбалалы отбасылардың әр балғынына 20 мың теңге көлемінде киім – кешек тегін таратылды .«Киім және аяқ киім әлемі» дүкені келушілерге 10 пайыз жеңілдіктер ұсынып отыр. Сонымен қатар, сатып алушылар арасында ұтыс ойыны өткізіліп, бағалы тұрмыстық техника да тарту етілді.