» » «Халық алғысы» медалі берілді

«Халық алғысы» медалі берілді

Әлемді дүр сілкіндірген Cоvid-19 қазақ елін де әуреге салғаны белгілі. Пандемия белең алған шақта дәрігерлер сырқаттардың жанын арашалауға бар күш-жігерін салса, тәртіп сақшылары аяғынан тік тұрып блок-бекеттерді күзетті. Бүгінгі күні олардың жауапты жұмысы әлі де жалғасып келе жатқаны белгілі. Осыған орай Мемлекет басшысы пандемиямен күрес кезінде ерекше көзге түскен азаматтарды «Халық алғысы» медалімен марапаттады.
Дәл осындай өз ісіне жауапты қызметкерлердің арасында қайсарлық танытып, қауіпсіздік үшін аянбай қызмет етіп, кент тыныштығы мен блок-бекетте ерлік көрсеткен жандар бар. Олардың бірқатары аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері. Полиция капитаны Еркін Әбдіқасов пен полиция старшинасы Талап Мырзагелдиев «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дархан Әбдібеков медаль иелерін құттықтап, індетпен күрес кезінде алдыңғы шепте жүрген еңбектері ерек екенін айтты.


Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
20 қазан 2020 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 937
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930