» » Дәрігерлердің жеке көлігіне арнайы белгі жабыстырылады

Дәрігерлердің жеке көлігіне арнайы белгі жабыстырылады

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері дәрігерлердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін олардың жеке көлігіне арнайы белгі жабыстырып бермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
   – Қазіргі таңда медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүр. Адамдардың денсаулығы дәрігерлердің шақырылған жерге тез келуіне байланысты. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала көшелерінде олардың қозғалысын жеңілдету үшін қызыл крест түріндегі «Дәрігер» белгісін таратады, – деп мәлім етті қалалық Полиция департаментінен.
   Жүргізушілерді тексеру үшін қаланың бірнеше нүктесінде мобильді посттардың қойылғаны белгілі. Осыдан кей жерде көліктер көп тұрып қалады. «Осындай жағдайда дәрігерлер өз көлігімен кедергісіз өтуі үшін полиция қызметкерлері осы белгіні таратады. ҚР Жол жүру ережесінде «Тану белгілері» деген норма бар. Оған сәйкес жедел әрі арнайы қызметтердің автокөліктері, автобустары мен мотоциклдарының СТ РК 1863-2018 ұлттық стандартына сәйкес белгілі бір функциялық міндетте екені айқындалады. ҚР ЖЖЕ «Тану белгілері» бөлімі талаптарына сәйкес дәрігер-жүргізушінің тілегі бойынша оның көлігінің артына немесе алдына көк түспен қоршалған ақ фондағы қызыл крест белгісі жабыстырылады, – делінген хабарламада.
19 сәуір 2020 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930