» » Коронавирустан екінші адам қайтыс болды

Коронавирустан екінші адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы бір адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды, деп хабарлады Спутник Жаңалықтары.
Қазақстанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы.
"Өкінішке қарай, бүгін коронавирус дертінен бір адам қайтыс болды. Осы орайда марқұмның туған туыстарына көңіл айтамыз", - деді онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
50 жастағы ер адам 21 наурызда ауруханаға жатқызылған, оны жедел жәрдем қызметкерлері жеткізді. Ол бір ай бойы ауырған, бірақ дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Жұмысына байланысты іссапарларға жиі шыққаны белгілі болды.
Науқаспен байланыста болған 31 адам - туыстары мен әріптестері ауруханаға жеткізілді. Тағы 55 адам үйге карантинге жабылды.
Оның отбасының екі мүшесінен коронавирус инфекциясы анықталып отыр.
31 наурыздағы жағдай бойынша ауруханада 1693 адам жатыр. Оның 96-сы он сегізге дейінгі балалар.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді. Жалпы, елде 325 адам дертке шалдыққан.
26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны қайтыс болған еді.
31 наурыз 2020 ж. 933 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 440
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 241

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930