» » 19 қазан – Құтқарушылар күнінде сала мамандары марапатталды(фоторепортаж)

19 қазан – Құтқарушылар күнінде сала мамандары марапатталды(фоторепортаж)

19 қазан – Құтқарушылар күні. Биыл қызметтің құрылғанына 25 жыл. Осыған орай аудандағы №10 өрт сөндіру бөлімі ғимаратының алдында салтанатты жиын өтті. Онда сарбаздар сап түзеп, ҚР-ның әнұраны орындалды. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев арнайы қатысып, сөз сөйледі. Жиынға қатысушыларды мерекелерімен құттықтады. «Мінсіз қызметі үшін» І, ІІ, ІІІ дәрежелі төс белгісімен арнайы мамандар марапатталды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хаты абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар құтқарушы маманға берілді.
2020 жылдың маусым айында ауданда қайғылы жағдай орын алғаны белгілі. Сырдария өзенінде шомылып жүрген 2 жас өспірімді Егеубай құтқарып ерлік жасады. Алайда балаларды ажалдан аман алып қалып өзі ажал құшты. Бұл көзсіз ерлік батырлық. Осындай азаматтың батырлығы мен ерен еңбегін елеп, құтқарушылар күнінде Егеубай Әскербекұлы Елпановты «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен наградтап, ата-анасына тапсырды.











Ерсін СӘДУҰЛЫ
20 қазан 2020 ж. 1 039 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 967
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 601

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930