» » Жиһаз жасау жанданып келеді

Жиһаз жасау жанданып келеді

Жиһаз әрбір үйге көрік беретін, онсыз үйдің сәні кірмейтін қажетті бұйым. Бүгінде ешбір үйді жиһазсыз елестету мүмкін емес. Сол себептен болар жиһаз өндіру бизнесі кеңінен дамып келеді. Қолынан іс келетін кәсіпкерлер бұл саланың ілгерілеп алға басуы халық үшін де тиімді екенін айтады. Себебі мұндай цехтар бір адамның жұмысын емес, бірнеше адамның жұмысын қажет етеді. Яғни, біршама жанды жұмыспен қамтуға үлкен мүмкіндік береді.
Ел экономикасына үлкен серпін беретін саланың бірі – жиһаз өндірісі. Көпшіліктің алғысын алып, көңілінен шығып жүрген Дүр Оңғар ауылындағы цех туралы естіп, біліп жүрміз. Кезекті іссапарда цех жұмысын көзбен көрудің сәті түсті. Ғимарат ішіне кіргенімізде шеберлердің бірі ағаш кесіп, енді бірі өлшеп жатыр екен. Бұл тұрғынның кезекті тапсырысының дайындық барысы болса керек. Бізді көріп жұмысын тоқтатқан шебердің жанына барып әңгімеге тарттық.
Цехты ауыл азаматы Тұрсын Төлепов басқарады. Ол 2014 жылы «Ақниет» бағдарламасы бойынша 500 мың теңге грантпен жұмыс бастаған. 2016 жылы кәсібін кеңейту мақсатында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында Өңірлік инвестициялық орталықтан төмен процентпен 3 млн теңге көлемінде несие алады. Несібесін кәсіптен тапқан ол әрі қарай да осы саланың тетігін мықтап ұстауды жөн көреді. Биыл шағын бизнесті ірі өндіріске айналдыруға арналған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының негізінде 8 млн теңге несие алып, кәсібін дамытуда. Бүгінде цехтың үлкен ғимараты, жиһаз жасауға қажетті түрлі құрал-жабдығы бар.
Ауыл-аймақтың, ауданға қарасты біршама өңірдің тапсырысын қанағаттандырып отырған кәсіпке бүгінде інісі Ермек Төлепов жетекшілік етеді. Ағасы бастаған істі алға жылжытып, тұтынушы талабын тапжылтпай орындап жүрген Ермек Орынбасарұлының негізгі мамандығы да бар. Алайда кәсіпкер болудың артықшылығы мен тиімді тұсын жетік меңгерген азамат бұл кәсіптің берері мол екеніне сенімді.
– Тапсырыс қабылдаған соң, алдымен компьютерде дизайнын дайындап, тұтынушымен келісіп аламыз. Содан кейін ғана жиһазды жасауға кірісеміз. Цехта өзіммен бірге 3 адам жұмыспен қамтылған. Барлығы да өз қатарластарым. Ерінбей еңбектенгеннің қашанда еңсесі биік. Кейде уақытпен санаспай жұмыс істеуге тура келеді. Біз үшін ең бастысы – тұтынушының көңілінен шығу. Әрбір тапсырыстың кішкене бөлшегіне дейін құйып қойғандай, көрнекі болып шығуына аса мән беремін. Мемлекет берген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жеке кәсіп ашу бүгінде қиын емес. Тек еңбекке деген ынта мен кәсібіңізді сүйсеңіз болғаны, – дейді жас кәсіп иесі.
23-24 жастағы бозбалалардың үлкен цех жұмысын иіріп әкеткенін тұрғындардың ризашылығынанақ білуге болады. Негізінен ас үй, жатын бөлме жиһаздары, дүкен сөрелерін жасайтын олар шикізатты Қызылорда, Шымкент қалаларынан алдырады. Саннан гөрі сапаға мән беретін цехта баға да тұрақты.
– Ермек бастаған жігіттерге біз де тапсырыс беріп, ас үй жиһазын жасаттық. Өте сапалы. Көңілдегідей шықты. Тиянақты, әрі айтқан уақытында орындайды. Бағасы қолжетімді. Адамдармен тіл табысуы да жақсы. Бұл кәсіпкерге қажетті ең басты ұстаным деп ойлаймын, – дейді кент тұрғыны Күләйша Қарамырзаева.
Расымен, жартылай дайын тұрған жиһаз бөлшектері көз қызығарлық. Жігіттердің көңілкүйі де көтеріңкі. Қызығушылықтан туған кәсіптері сүйікті ісі екені көрініп-ақ тұр. Цех өніміне сұраныс артып, алдағы уақытта танымал өндіріс орнына айналарына сенім мол.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
14 қазан 2020 ж. 1 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031