» » Еңбекқор Ержан

Еңбекқор Ержан


Кез келген үйді, кеңсені жиһазсыз елестету мүмкін емес. Себебі ұсақ-түйек заттың барлығын жинап қоюға ыңғайлы әрі үйдің сәні. Елімізде жиһаз құрастыру мен жасау жыл өткен сайын жақсы дамып келеді. Бұрын шетелдік өнімге тамсана қарасақ, қазір елімізде шығарған өнімге қол жетеді. Кәсіпкерлікке қолдау, бизнестің жол картасы іскер жандардың қолын ұзартып отыр. Мемлекет қолдауынан шарапат көріп, ойындағысын жүзеге асырғандар біздің ауданда жетерлік. Солардың бірі – ағаштан ақша жасап жүрген Ержан Мақшатов.
Еңбек пен талап жас талғамайды. Бар жоғы 20 жастағы жігіттің білмейтіні кемде-кем. Алымы зерек, қабылдау қабілеті мықты. Ұсталық қанында бар қасиет. Әкесі Нұрғазы ағаштан домбыра ойып жасайтын шебер. Бір үйде өскен төрт атқамінердің кенжесі Ержан әкеге тартып өскен.
№30 мектепте білім алған ол сегіз қырлы, бір сырлы екенін бала кезден байқатқан. Физика-математика пәнінен алғыр оқушы 9 сыныптан соң аудандағы аграрлы-техникалық колледжіне электрик мамандығы бойынша грант негізінде оқуға қабылданады. Кей қатарласы мамандықты әйтеуір «көк қағаз керек», «жұмыс табылып қалар» деген ниетпен таңдаса, ал бұл оған жүрек қалауымен келген. Колледж қабырғасында жүргенде белсенділігімен көзге түсіп, мақтаулы студенттер қатарында болды. Қиялында шек жоқ. Тоқтан да, сымнан да, ағаштан да түрлі дүниелер жасап шығарады. Ержанның іскерлігі мен таланты мұнымен шектелмейді. Қызылорда қаласында ұйымдастырылған облыстық колледждер мен жоғары оқу орны студенттері арасындағы байқауға қатысқан. Желден, магниттен тоқ алу жобаларын құрастырып, 38 өнертапқыштың арасынан оза шығыпты. Халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне де түрлі макеттер мен жобалар жасаған. Колледжді қызыл дипломмен тәмамдап, Қызылордадағы «Сыр жиһазы» цехында жұмыс істеген. Жиһаз құрастыру мен жасаудың сан қыры мен диван қаптауды осында үйреніпті. Тәжірибе жинаған жас «Өз ауылымнан неге осындай цех ашпасқа» деген ниетпен ауласындағы сарайдан цех жасақтаған. Талаптанып, тәуекелге баруына «Бизнес Бастау» курсы сеп болған.
– Бизнесті жоспар құрудан бастап, сұраныстағы кәсіпті ашуға негіздейтін бір айлық оқу арқылы көп мәлімет алдым. Мақсат қоюға, оған жетуге дағдыланып келемін. Әу бастан қолға алған істі аяғына жеткізуге тырысамын. Қазір жаңа үй салушылар көп. Жаңа үйге жаңа жиһаз тұтынады көбісі. Қолданыстағы төргі мен жатын бөлме жиһазын орналастыру үшін маманға жүгінеді. Қазір дайын жиһазды құрастыруға бір күнде бірнеше тапсырыс аламын. Ескі дивандарды жаңа үлгімен ауыстырып, былғары, қатты матамен қаптап беремін, – дейді ол.
Ержанның сөзі де, ісі де нық. Бойында батылдық пен өзіне деген сенім басым. Ержанның шағын шеберханасы бар. Кәсіп ашуға жоба ұсынып, қайтарымсыз 240 мың теңгенің грантын жеңіп алған. Оған тігін машинасы мен мен қажетті құрылғы сатып алған. Биыл жолдасымен бірігіп, үлкен цех ашпақ ниетте. «Биснес Бастаумен» 3 млн теңгелік грант ұтуға талаптаныпты. Бірақ жоба жеңімпаз атанбаған. «Шешінген судан тайынбас» деген.
– Биыл жолым болмағанмен келер жылы тағы бағымды сынап көремін, – дейді алған бетінен қайтпайтын талапты жас.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
27 тамыз 2019 ж. 944 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031