» » 48 адамды өрттен алып шыққан қаһарман қазақ жігіті Ресейде қаңғырып жүр

48 адамды өрттен алып шыққан қаһарман қазақ жігіті Ресейде қаңғырып жүр

48 адамды өрттен алып шыққан қаһарман қазақ жігіті Ресейде қаңғырып жүрⒸkp.ru
Ресейге бет алған автобус кенеттен өрт құшағына оранған кезде жедел қимылдап, қайсарлық танытқан қазақ жігіті бүгінгі таңда құжатсыз, бір тиын ақшасыз көрші елдің көшелерін кезіп жүр екен деген ақпаратты көзіміз шалды. Ресейлік сайттарға кіріп қарасақ, Қазақстаннан Новосібірге жолға шыққан автобус шынымен де таңғы төрт шамасында өртеніп кетіпті. Қалың ұйқыда жатқан 48 адамды оятып, оларды құтқарған қазақ жігіті болып шықты. «Отандасымыз қайда? Оның мұндай күй кешуіне не себеп болды?» деген біздің сұраққа «Комсомол шындығын» жазатын журналистер жауап таба білді. Мәселенің егжей-тегжейін білген ресейлік әріптеске ризамыз. 48 адамның құтқарушысы 37 жастағы грек-рим күресі бойынша балалар жаттықтырушысы Ержан Омарханов сол түнгі оқиғаны былайша еске алыпты: «Түтіннің иісін сезіп, қалың ұйқыдан шырт оянып кеттім. Жүргізушіге «Есікті аш! Өртеніп жатырмыз!» деп айқайладым. Ешкім үн қатар емес. Оларды ояту үшін ұруға мәжбүр болдым. Сосын есікті тебе бастадым. Сол кезде автобус қозғалысын тоқтатты. Бірінші кезекте кішкентай балаларды құтқардым. Автобус жүргізуші ешқандай көмек көрсетпеді. Шошынғаннан сілейіп қатып қалды».
Өзімен бірге құжаты, темір тұлпар сатып алуға жинаған қаражаты болған Ержан бәрінен айырылыпты, қысқасы. Қазір түгі жоқ. «Тіпті басымдағы кепкам да өртеніп кетті. Автобустағы адамдар «саған ақша жинап, көмектесейік» деді. Бірақ мен көмектен бас тарттым. Енді құжаттарымды қайта қалыпқа келтіру үшін біраз жүгірейін деп тұрмын. Ал, ақшама келетін болсақ, ол ақша менде болғанын әлі дәлелдеуім қажет екен» деп қынжылыпты.
12 баланы, 36 ересек адамды өлімнен құтқарған Ержан Омархановтың жағдайы, міне, осындай. Өртеніп кеткен автобус Ресейдікі. Тасымалдаушы – новосібірліктер. Тасымалдаушы компания өз қателігін мойындап, жапа шеккен жолаушыларға көмек қолын неге созбайды деген заңды сұрақ туындайды. Өзге елде ұлтанның күйін кешіп жүрген отандасымыз елге аман-есен оралады деп үміттенеміз. Ресейдегі Қазақ елшілігі де аталмыш жағдайға араласып, белсенділік танытады деген сенімдеміз.

10 тамыз 2018 ж. 1 792 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031