» » Талапты шәкірт – ұстаз мерейі

Талапты шәкірт – ұстаз мерейі

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы он сегізінші қара сөзінде «Тегінде адам білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген. Расында да, ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімі болуы керек. Үздіксіз жинақталған білім адамды даналыққа жеткізеді. Білімді адам әрбір жағдаятты, мәселені ойланып барып, біліміне сүйенуі негізінде шеше алады. Өмір жолында кездескен қиындық пен кедергіні біліммен жеңеді. Сондықтан да әрбір адам білімге құштар болуы керек.
Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу – білімнің бұлақ көзі. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұрлы сәулесін шашып тұрады. Мен де, балалар да білімді болса өмірде шырақ сияқты жарқырайды. Сондықтан да халықтың «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген даналығы бекер емес. Бүгінгі таңда өз білімін жетілдіріп, алға мақсат қойып, сол мақсатқа білім алу арқылы жететінін түсінген шәкірттеріміз жайында сөз қозғамақпын. Сондай шәкірттің бірі – Ақерке Жалғасбаева. Ол «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауында белсенді қатысқаны үшін дипломмен, сондай-ақ Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Тұңғыш Президент – көшбасшы тұлға» атты мәнерлеп оқу сайысына белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталып, мектепішілік «Мерейі үстем ұстазым» атты ақындар мүшәйрасында ІІ орын иеленген. Сонымен қатар, Ақерке IQanat републикалық олимпиадасының қатысушысы. Аталған олимпиада ауыл мектебі балаларын ұлттық және шетел университеттеріне түсу үшін қолдайды және ынталандырады. Бағдарлама оқушының елдегі, шетелдегі жоғары, арнаулы оқу орындарына грант және стипендиямен түсуіне қолдау көрсетеді. №85 орта мектептің 9-сынып оқушылары да осы олимпиадаға қатысып, өз бақтарын сынады. Биыл да өткізілген республикалық «IQanat» олимпиадасына қатысқан Ақерке республикалық кезеңге жолдама алды. Аталған кезеңде бақ сынасқан 133 оқушының ішінен 85 балл жинап, 19-ыншы орынға табан тіреп, бағалы сыйлыққа ие болды. Оқушы білім алу үстінде өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жол табуға даяр болуы қажет. Дарынды да қабілетті оқушыны ғылымға баулу, ғылым арқылы жас ұрпақты дарындылыққа баулу – әр ұстаздың міндеті. Ендеше, баланы заманға сай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту осы күннің басты талабы. Ақеркені осындай білім додаларына үкілеп қосып, жүлделі орындарға ие болуына себепші болған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Индира Байбарақова. Білікті ұстаздың еңбегін қайтарған бетке ұстар оқушылары көп-ақ. Бір парасын айта кетсек. «Ақбота» интеллектуалдық марафонында А.Оңбосынқызы, Ұ.Кубенова, М.Бекмұратова, Қ.Рақашев, Е.Алдажанов сынды оқушылары жүлделі ІІІ орынмен, «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауында белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталса, «Ел ертеңі – білімді жастар» тақырыбындағы облыстық ақындар мүшәй¬расында Е.Жалғасбаев ІІ орын иеленген.
Осы орайда, «Білім, өнер бойдағы сауын болар түбінде» деген Махмұд Қашқаридың сөзі ойға оралады. Білім алудан, ізденуден еш жалықпаған адамның болашағы да зор болары анық.
Зағираш БЕРЖАНОВА,
№85 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
06 қазан 2020 ж. 865 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031