» » Сүйікті ісін кәсіпке айналдырмақ

Сүйікті ісін кәсіпке айналдырмақ

Қазіргі таңда шағын бизнес белең алып тұрған кезең. Қолынан келетін іс арқылы ақша табатындар көп. Ал егер ол сенің сүйікті ісің болса жұмыс істеуге деген құлшыныс екі есе көп болады. Мұндай істі қазіргі "келіндердің" көбісі қолға алған. Үйінде отырып-ақ бет әрлейтін, дәмді тамақ пісіретіндер мен түрлі тәтті дайындап сататындар қатары аз емес. Сондай жанның бірі – ІІІ интернационалдық Анар Жаңалыққызы.

Сапарлатып ауылға барғанымызда тәтті пісіретін келін жайлы естіп, тілдесуге үйіне бардық. Ақтөбе қаласында туған ол ІІІ Интернационал ауылына келін болып түскен. Бес баланы тәрбиелеп отырған ана үй жайында түрлі тәтті өнім дайындайды.

– Тәттілер пісіруді бұрыннан жақсы көретінмін. Басында тек өз шаңырағымыздағы жиын-тойда дайындап жүрдім. Кейінірек ауылдастарымнан "Үйге қонақ келетін еді. Өткендегідей торт, бәліш пісіріп берші" дегендей ұсыныстар түсе бастады. Содан бастап тапсырыспен түрлі тағам пісіретін болдым, – дейді Анар Камилова.

А.Жаңалыққызының дәмдеріне ауыл тұрғындарынан сұраныс аз емес. Алдағы уақытта сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, жұмысын кеңейтуді жоспарлап отыр. Одан бөлек пісіретін тағамдарының санын арттыру үшін интернеттен жаңа тәтті нандарды дайындауды үйренуде. Білгенін балаларына үйретіп те жүр.

– Қыздарым торт пісірген кезімде қызықтап жүреді. Ынтасын байқаған соң оларға үйретіп, қолынан келетінін істетіп отырамын. Қыз баланың асханаға жақын болғаны жақсы ғой. Дайындауға көмектесіп, піскен тәттілердің дәмін көргенде өздері тамсанып отырады. Мен де оларды мақтап қоямын, – дейді болашақ кәсіпкер.

Кейіпкеріміз алдағы уақытта кәсіп ашуды көздейтіндерге берілетін гранттарды жеңіп алуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатына жету үшін арнайы бизнес-жобаны да дайындау үстінде. Бүгінде ол болашақ кәсібін жан-жақты зерттеуде. Арнайы пеш пен құрал-жабдықтарын алып, кәсібін дөңгелетпек. Қысқасы, алдағы уақытта аудандағы кәсіпкерлер саны тағы бір адамға өспек.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
29 қыркүйек 2020 ж. 1 082 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031