» » ПРАЙМЕРИЗ: Жария пікірсайыс кезеңі өтуде

ПРАЙМЕРИЗ: Жария пікірсайыс кезеңі өтуде

Праймериз – елдің бүгіні мен ертеңі үшін ерінбей еңбек етуге дайын жандардың көп екенін көрсетуде. Жастардың қатысуына басымдық берген «Nur Otan» партиясы бұл жобасы ел тұтқасын ұстаушылар үшін мол мүмкіндік. Бүгінде праймериздің алғашқы іріктеу кезеңі аяқталып, үміткерлер екінші кезеңге аяқ басты. Ел қамын ойлағандар жаңа бастамаларын жүзеге асыру үшін күш салуда.
14 қыркүйектен бастап «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу кестесіне сай еліміздің түкпір-түкпірінде ашық, жария пікірталастар басталды. Аудан бойынша 15 қыркүйектен бастап партияның кадрлық резервіне өткен 62 үміткер бақтарын сынауда. Олар ережеге сай 10 топқа бөлінген.
Пікірсайыстың негізгі мақсаты – халықтың қажеттіліктеріне алаңдайтын қоғамдық пікір көшбасшылары мен белсенді партия мүшелерін анықтау. Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, сұрақ-жауап алмасуда. Саяси додаға қатысушылар түрлі түйткілді мәселені көтеріп, оларды оңтайлы шешу жолдарын ұсынуда. Талқыға түскен ұсыныстардың дені ауданның әлеуметтік даму мәселелеріне қатысты. Атап айтар болсақ, балаларға арналған спорт алаңдарын салу, медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықтау, елді мекендерге ұялы байланыс пен интернет желісін орнату секілді ел көкейіндегі мәселелер ортаға салынды.
Пікірсайыстың алғашқы күнінде «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұса Қалдарбеков қатысып, жаңашыл бастамаға қатысушы барлық үміткерге сәттілік тіледі.
Пікірсайыстың барлық процесі «Nur Otan» партиясы филиалдарының facebook, instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарда тікелей эфирде көрсетілуде. Жария пікірсайыс 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал партия ішіндегі сайлаудың дауыс беру кезеңі 1-3 қазан аралығында өтеді.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

18 қыркүйек 2020 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930