» » Бірлестік белсенділік танытуда

Бірлестік белсенділік танытуда

Болашақ – жастардың қолында. Ал олардың болашақты жандандыруы үшін өмірін тиімді әрі қызықты өткізуі қажет. Бұл мәселемен ауданда белсенді айналысып жүрген – "Қармақшы Жастары" жастар қоғамдық бірлестігі. Аталған бірлестік төтенше жағдай жарияланған уақытта да жастармен бірге болып, түрлі шара ұйымдастырды.
Биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Мерейтой аясында ақын өмірін ұлықтау, жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында біршама істің басы қайырылды. Соның бірін "Қармақшы Жастары" бірлестігі ұйымдастырып, "Тарихтан тағылым" тақырыбында онлайн интеллектуалды сайыс өткізді. Қорытынды нәтижесінде бас жүлдені Гауһар Мүсілімова, І орынды Айгерім Мырзабекова, ІІ және ІІІ орынды Ақбота Сәбитова мен Аружан Хамитова иеленді. Әлемнің екінші ұстазы атанған әлФарабидің 1150 жылдығына орай да "Тарих. Тағдыр. Тұлға" атты дәл осындай интеллектуалды байқау өтті. Ол жарыста бас жүлдені Маржан Мирамбекова, І орынды Динара Аликеева жеңіп алса, ІІ орынға Ақбота Сәбитова, ІІІ орынға Гауһар Мүсілімова лайықты деп танылды. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.
Елде орын алған төтенше жағдай кезінде тұрғындардың уақытын қызықты өткізуі үшін аудан жастары Ұлттық домбыра күнінде "Домбыра-дәурен, сөйлесін" атауымен онлайн форматта концерт өткізді. Сонымен қатар, өзге ұлт өкілдері арасында Абай шығармашылығын насихаттауда "Абай әлемі" фестивалі ұйымдастырылды. Шараға өңірдің барлық аудандарының жастары қатысып, арнайы сыйлықтарды иемденді.
Аудан жастарының қоғамдық бірлестігі еріктілік қызметінен де қалыс қалған емес. Биылғы "Еріктілер жылының" аясында жастар 60 тұрмысы төмен отбасыға және қарттарға көмек қолын созды. Әлемді жайлаған пандемияны жұқтырушылар саны күрт көбейген кезеңде де жастар барынша қоғамға жәрдемдесті. Ауданның ерікті жасы, ақ халатты абзал жан Әсем Мерекованың тұрғындарға тегін екпе салу кезінде де жастар күндіз-түні демей, көлікпен қамтамасыз етті.
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
08 қыркүйек 2020 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930