» » АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Әне-міне дегенше жаңа оқу жылын бастап кеттік. Қыркүйекке ертемен дайындалар мектеп оқушылары биыл ата-анасымен базар базарлап, киім-кешек пен қалам-дәптер алуға айтарлықтай асыққан жоқ. Себебі карантин көп нәрсеге тосқауыл қойды. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясына үлес қосуды дәстүрге айналдырған «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы бұл жолы да әдетінен танбады. Жаңа оқу жылына қарсы бірнеше оқушыға мектеп сөмкесін тарту етті.


Арқа қоржынына білім алушыға “ең керек” деген дәптер, қаламсап сынды бұйымдардың барлығы салынған. Шын көңілден ұсынған сыйлыққа балақайлар мен олардың ата-аналары разы болып, үлкен ұжымға алғыс білдірді. Еңбектеріне табыс, өздеріне абырой тіледі. «Қуанса – бала қуансын» деген ұстанымды мұрат тұтқан банк ұжымын өзгеге үлгі етті.

Иә, сапалы матадан тігіліп, ішіне керектің бәрі толтырылған сөмкені иықтарына қуана асынған тарыдай балалардың ертең-ақ таудай азамат болып шығарына сенім мол. Солардың жарқын болашағы үшін сапалы білім алуына титтей де болса үлес қосу, жағдай жасау – сауапты да қайырымды іс.

Бүлдіршіндерді мектепке дайындау қайырылымдылық шарасы қыркүйектің соңына дейін жалғасады.

«Қт» ақпарат
05 қыркүйек 2020 ж. 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930