» » Ауданда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының орындалуындағы құрылыс жұмыстары басты назарда

Ауданда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының орындалуындағы құрылыс жұмыстары басты назарда


Жосалы кентінде құрылысы жүргізіліп, аяқталуға жақын нысандарды аралап көріп шықтым. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Жосалы кентінде бірнеше нысандарда құрылыс жұмыстары жүруде.
Алғашқы нысан Абыт көлін профлистімен қоршау жұмыстарын аралап көрдім. Қазіргі таңда нысанның жұмыстары аяқталуға жақын.
Бірақ мердігер мекеме басшысына қоршау қаңылтырларының төменгі жағындағы топырақты жазып, жұмысты тиянақты бітіруге тапсырма берілді. Жалпы қоршау биіктігі өз деңгейінде екендігі байқалады.
Келесі нысан «Жалағаш-Жосалы» автожолы бойындағы жарықтандыру жұмыстарымен таныстым. Бағаналардың сырлануы, ара қашықтығының орналасуы бойынша атқарылған жұмысты көріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Одан кейінгі бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарды бақылау әлеуметтік нысандарда жалғасты. №6 «Айсұлу» балабақшасында және балалар кітапханасында болып, атқарылған жұмыстарды аралап көрдім.
Мердігермен кездесуде атқарылатын жұмыстардың барысын көріп, құрылыс нысандарының кемшілік тұстарын айтып, оларды жоюға жұмыс жасау тапсырылды және тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Әрдайымда мердігерлердің құрылыс нысандарындағы жұмыстарын сапалы жасауға көңіл бөлу қажет. Бұл күндері халыққа көзбояушылық қажет емес екенін қоғамда көріп келеміз.

Сонымен бірге Қорқыт ата көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолын салу барысымен, Жолдыбаев, Қайнарбаев көшесіндегі жарықтандыру жұмыстарымен таныстым.
Ауданымызда бағдарлама аясында 14 көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізу көзделген. Оның ішінде Төретам кенті мен елді-мекендерімізде бар. Жалпы айтар болсақ Жосалы кентінде 14 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 9 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылуда.
Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарламада жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуі маңызды. Бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін іске асып жатыр. Жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар тұрғындар сұранысына сай болуы керек.

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков
11 тамыз 2020 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 355

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930