» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік саясаттың басым бағыты


Сыбайлас жемқорлық - бүгінгі таңда көптеген елдерде кеңінен бел алып қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген қылмыстың бірі. Оның кез келген көріністері қоғамның барлық саласына өзінің келеңсіз әсерін тигізеді. Ал осы көріністерді мемлекеттік үдерістің қарыштап дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі қарапайым халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін шайқалтып отыр.
Елбасымыздың ұсынысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға өзгерістер мем түзетулер енгізіліп, аталмыш қылмысқа байланысты жазалау шаралары күшейтілді. Мәселен айыппұл салу мөлшері ұлғайтылып, дүние-мүліктері міндетті түрде тәркіленеді. Өкінішке орай, "Алтын көрсе періште жолдан таяды" дегендей, жемқорлар мен парақорлар азаймай отыр.
Елдігімізге, мемлекеттік құрылысқа елеулі қатер төндіріп отырған сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін біз күнделікті қызмет барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарының қойылған талаптарын қатаң сақтап, мүлтіксіз орындап, басқа да мемлекеттік қызметкерлердің оны бұзуына жол бермеуіміз керек.
Мемлекет халық сеніп тапсырған қызмет бабын пайдаланып, адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғауға арналған заңнамаларын бас есебіне пайдаланатын қызметкерлерге қоғамымызда орын болмау керек.
Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.
Осы саясатты ұстанып "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қармақшы аудандық филиалында есептегі жыл басында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сай жұмыстар жүргізіліп сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жұмыс істейтін органдармен бірлесіп құқықтық оқулар өткізіп өзара іс-қимыл әрекеттері жандандырып тұрады. Мекемеде семинарлар, кездесулер, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі.
Сонымен қатар мекеме ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау үшін жәшік орналасқан және сенім телефоны 2-21-88 жұмыс істейді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халық даналығы айтқандай сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.

Нұржан АЯҒАНОВ,
"Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" кмм-нің
Қармақшы аудандық филиалы архивисті

04 тамыз 2020 ж. 1 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 290
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031