» » Онлайн жұмыс оңай ма?

Онлайн жұмыс оңай ма?

Қашықтан жұмыс істеу дамыған елдерде бұрыннан белең алған. Көптеген жұмысшы үйден жұмыс істеп, ақша тауып жүр және олардың көбісі өз ісінің шеберіне айналып үлгерген. Мұндай жұмыстың артықшылығы қандай?
Әлемді әбігерге салған індет біздің елге де біраз өзгеріс алып келді. Соның ішінде бірқатар саланың онлайнға көшуі, жұмысты үйден істеуі. Басында бұл жүйеге үйренісу оңай болған жоқ. Техниканың тілін түсінбейтіндер қиналып, әуре-сарсаңға түскені рас. Десе де қазір бұл жүйеге әбден үйреніп қалдық. Тіпті шектеу шаралары жеңілдетілген кезде күнделікті жұмысқа барып жүруді жатырқадық. Демек, үйде отырып жұмыс істеу қиын емес.
Негізінен қашықтан жұмыс істеу шығармашылық адамдарға тиімді. Себебі олар өз үйінде, өзіне ыңғайлы жерде жұмыс істеу арқылы шабыт алып, кәсіби дамиды. Оның ішінде журналист, копирайтер, дизайнер, фотограф пен сценарист секілді мамандықтар бар. Соңғы уақытта онлайн жүйелі жұмыс іздеушілер қатары күрт көбейген. Мұның өзіндік себептері бар.
Мәселен, жұмыс берушіге қызметкері үйде отырып-ақ жұмыс істегені пайдалы. Себебі арнайы офис жалдап, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды алуға аса қатты шығынданбайды. Бірақ, кейбірі мұндай жүйе арқылы қызметкерді бақылау қиын деп есептейді. Алайда,Стэнфорд университетінің зерттеуі бұл пайымды жоққа шығарды. Зерттеу қорытындысы бойынша үй жайында қызмет ететіндер кеңседегілерден 13 процентке жоғары нәтиже көрсетеді. Сонымен қатар, қашықтағы қызметкер де мекеменің әлеуетін жоғары бағалайды-мыс. Себебі жұмыс беруші оған түрлі күйзеліске шалдықпауға, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Одан бөлек, Гарвард университетінің бизнес бөлімінің зерттеушілері жұмысты әртүрлі жерде істейтін адамдар үйдегілерден гөрі 4 процентке жоғары нәтиже көрсететінін дәлелдеген. Яғни, кітапхана немесе түрлі қоғамдық орында жұмыс істеу адамды ширатады. Сондықтан, дамыған компаниялар өз еңбеккерлеріне кем дегенде аптасына бір рет өзі қалаған жерде жұмыс істеуіне рұқсат береді.
Кейде өз жұмысын жақсы көретін, өте еңбекқор азаматтарды көрсек қуанып қалатынымыз рас. Десе де, психологиялық тұрғыдан ондай адамдар жеке өмірі туралы көп ұмытады екен. Сондықтан,әрбір адам жұмыс пен өз өмірінің арасындағы тепе-теңдікті сақтауы тиіс. Ал ол үшін жұмыскер қызметтік ортасын ауыстырып отыруы тиіс. Туған ауылыңызда, шипажай немесе табиғат аясында жұмыс істеп, жақындарыңыздың жанында болу тиімді.
Ал қашықтан жұмыс істеу нәтижелі болу үшін мына ұстанымдарды естен шығармаған жөн. Біріншіден, өзіңізді басқара алу керексіз. Кеңседен бөлек жерде сіздің ойыңызды бөлетін істер болуы мүмкін. Сондықтан, сіз таңдаған жұмыс орны еш кедергі келтірмеуі тиіс. Екіншіден, өз таңдауыңыз ең алдымен өзіңізге ыңғайлы болуы керек. Ол үшін жұмысты әртүрлі жерде, үй, ашық аспан астындағы мейрамхана сияқты орындарда істеп көру қажет. Кеңседен тыс шығудан қорықпаңыз, себебі жұмыс қорытындысын, жоспарды табиғат аясында да тапсыруға болады. Үшіншіден, кез келген уақытта басшылық пен әріптестеріңізбен байланыста болуыңыз қажет. Ол үшін сіз таңдаған орында интернет немесе сымтетік желісі болу керек.
Қашықтан жұмыс істеу кезінде бір күндік жоспарды құру аса маңызды. Сіздің үйде отырғаныңыз жұмыс уақытына еш кедергі келтірмеуі тиіс. Ал аса қажетті істерді арнайы бос уақытқа жоспарлап, орындау керек. Бұл жағдайға түрлі платформадағы арнайы қосымшалар сізге өз септігін тигізеді. Себебі ондай бағдарламалар тиімді жоспар құруға көмектесіп, кезекті істі ескертіп отырады. Сондай-ақ көп адам белгілі жұмыс уақытына, мысалы 9.00 мен 17.00 аралығына бейімделмеген. Олар өзіне тапсырылған жұмыс ерте таңмен немесе кешкі салқынмен оңай істеуі мүмкін. Сондықтан әр күнге қойылған жоспар ерекше септігін тигізері анық.
Онлайн жүйенің жұмыстан бөлек қарапайым өмірде тигізер көмегі мол. Мәселен, соңғы статистикалық мәліметтер бойынша интернет арқылы сауда жасау отбасылық бюджетті үнемдеуге едәуір көмектеседі. Себебі, интернет дүкеннен таңдау кезінде адамдар тек өзіне қажетті заттарды іздейді. Яғни, көрсеқызарлық қасиетті бұл жүйе жоққа шығарады. Оған қоса, қазір өзін-өзі дамытуға арналған түрлі курс интернет желісінде көптеп кездеседі. Ол жерден сіз аспаздықты, түрлі мамандық пен жаңа қасиеттерді аз уақыт ішінде оқып біле аласыз.
P.S.
Онлайн жүйені аса бір қиын деуге әсте келмейді. Бұрындары техниканың тілін түсінбейтіндер қажеттіліктің арқасында тез арада үйреніп алды. Енді олар да заман ағымына сай үйде жұмыс істеуге бейімделіп, тиімді түрде нәпақа табуда. Алдағы уақытта көптеген сала дәл осы жүйені таңдап, сапалы әрі пайдалы түрде жұмыс істеуі әбден мүмкін. Бастысы адамдар алтыннан да қымбат уақытын дұрыс пайдалануды үйрену қажет.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
28 шілде 2020 ж. 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031