» » Алаяқтар азаяр емес

Алаяқтар азаяр емес

«Үйде отырып ақша тап», «Бастыққа көмекші керек», «Студенттерге жұмыс» деген жарнамалар легі бұл күндері азаяр емес. Жарнама иелерінің сөзіне сенсек жұмыс жеңіл әрі қомақты көлемде жалақы ұсынады. «Тегін ақша» кімге ұнамасын? Қош. Сонымен сондай бір жұмысты тексеріп көрелік.
Қарапайым әлеуметтік желіде толып тұрған жарнамалардың ішінен ең тиімді жұмысты іздедік. Мәтін теруші (текстовой редактор) жұмысы ең оңай болып көрінді. Комьютеріңе белгілі көлемдегі мәтінді берілген күн төңірегінде теріп берсең болғаны, шотыңа ақшаңды салып жібереді. Жалақы көлемі теретін беттер санына байланысты ең арзаны бір мәтінге 18 мың теңге. Күнделікті компьютерде отыратындықтан, уақытты тиімді пайдаланып, ақша табуға болатын жұмыс. Көз жеткізу үшін тереңірек тексеріп көрмекке жұмыс берушінің жеке парақшасындағы құжаттарды қарадық. Барыл дұрыс секілді, кеңсенің мекен-жайын, баспаханамен жасалған келісімшартын, тіпті жеке куәлігінің де суретін салып қойыпты. Оңай сеніп қалуға болатын жұмыс. Бірақ әрі қарай зерттеуді тоқтатпай компанияның растығына көз жеткізу үшін іздегенімізде ондай кеңсе Алматы қаласында болмай шықты. Тек Нұр-Сұлтан қаласында ғана бар, ол жаққа хабарласқанда ешқандай редакторлар керек емес екенін айтты. Ал әлеуметтік желідегі жұмыс ұсынушының аты-жөнін айтқанда − танымайтындарын айтып жеткізген еді. Бір өтірікті ашып алдық. Ендігі кезекте жұмыс берушімен жеке сөйлесуді жөн көріп, жеке парақшасына хабарлама жазғанбыз, көп уақыт өтпей жауап берді. Жұмыс жайлы азын-аулақ ақпарат ақпарат беріп, мәтін таңдауды сұрады. Ең аз бетті мәтінді таңдағанымызда жұмысты аяқтауға төрт күн уақыт беріп, сақтандыру үшін 2500 теңге сұрады. Осы кезде тағы бір өтіріктің беті ашыла қалды. Әрі қарай істейтін әрекеті айдан-анық, әлеуметтік желіде бұғаттап тастайды. Кейін оны қалай ісдесең де таба алмайсыз. Осылайша арамның арбауына аяқ астында түсіп қалуға болады.
Бұл заманда талай адамды құрдымға ұшыратқан, талайды алдап соққан «желілік маркетинг», «пирамида» сияқты «оңай олжа» пайда болған. Жарнамасына сөз жоқ, бәрі бір-екі жылдың ішінде байып-ақ кеткен. Көлік пен үй алған, әр жаз шетелге барып демалған. Оған азын-аулақ ақшаға тауар алып жарнамалап немесе артынан адамдар тарту арқылы жеткен. Басында аз қаржы саласыз, арада ай өткен соң сол ақшаңызды 3-4 еселеп қайтарып алады екенсіз. Қазақ өзі сенгіш халық болған соң, мұндай жеңіл жұмысқа кірісуге бейім. Сенбейін десең, әлеуметтік желінің жұлдыздары соларды жарнамалап, өздерінің күнделікті сол жерден ақшаны күреп тауып жүргенін айтып жатады. Сол кезде жұмысқа бел шешіп әлгі жұмысқа кіріскіңіз келіп, іштей алдағы шалқыған өміріңізді елестетіп қуанасыз келіп. Алайда бәрі жалған екенін, ақша оңай келмейтінін кейін түсініп жатамыз. Ал әлеуметтік желіні жұлдыздары сол желі арқылы байып отыр ғой десеңіз, оның жүйесін біліңіз. Ол жұмыста байлыққа кенелетін жұмыс берушілер ғана, ал сіз жай ғана оларды байытушысыз. Сондықтан жұмысқа кірісер алдында жан-жақты сараптап алған жөн.
Желілік жүйеде желігемін деп опық жегендер аз емес. Есімін жасырын қалуын сұраған ол – басынан өткен жағдайдың мән-жайын айтып берді. Қалта телефонымен әлеуметтік желіні ақтарып отырып бір жұмысты көзі шалады. Қазбалай келгенде 100 мың теңге ақша салып, артыңнан тағы да өзің секілді 2 адамды ертіп алып келуің қажет. Әр кірген адамға байланысты шотыңызға жалақыңыз түсіп отырады. Жеңіл жұмысқа уақыт жоғалтпай кірісу үшін несие алып, іске кіріседі. Өзінің қарызға батқанымен қоймай, тума-туыстары мен таныстарын да шақыртып қарызға белшесінен батырады. Ақыр соңында өзі де көп көлемде шығынданып, зиян шегеді. Құқық қорғау органына жүгінейін десе ешқандай құжаттар немесе келісімшарты жоқ. Осылайша, өмірін ойран қылған жан бүгінде қара жұмыс істеп. қарызын қайтарып жүр. Бұл мұндай оқиғаның бірі ғана.

Аслан Нұразғали
12 қазан 2019 ж. 882 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031