» » Қармақшы аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Қармақшы аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды


Қармақшы аудандық сотында азамат Ә.-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта азамат Ә.-нің өз үйінде отбасы-тұрмыстық қатынастағы жолдасы А.-ны ұрып тән ауруына ұшырататын күш қолдану әрекеттерін жасағаны анықталды.
Сотта істі қарау барысында азамат Ә., өз кінәсін мойындап, азаматша А.-дан кешірім сұрап, соттан жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты, әкімшілік жауаптылықтан босатуды және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Аудандық соттың қаулысымен азамат Ш., Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 64-бабының негізінде жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылып, әкімшілік ісі өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
24 шілде 2020 ж. 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 829
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 104

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930