» » Облыс әкімінің орынбасары ауданда болды

Облыс әкімінің орынбасары ауданда болды

«Дәрі жоқ. Науқастарға орын жоқ. Осыны қадағалайтын бір пенде жоқ». Соңғы кездері әлеуметтік желіде осындай жазбалардан көз сүрінеді. Сонда бізде не бар? Бейсенбіде Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет осыған айрықша көңіл бөлді. Науқастардың жағдайын көзбен көрді. Ем-домға қажет дәрі-дәрмектің уақытында жеткізілуін қадағалауды тапсырды. Себебі, ең әуелі тұрғындардың қажеттілігі мен өзекті мәселелердің шешілуі басты назарда болуы керек.

Ол алдымен Төретам кентіндегі емхананың жұмысымен танысты. 2013 жылы бой көтерген нысан 150 адамды қабылдауға арналған. Мұнда жалпы 82 адам індет жұқтырса оның 32-сі ауруынан құлан таза айыққан. Өз кезегінде мобильді топ құрылып, жұмыс істеуде. Мұнан соң бағыт «Арзан-фарм» дәріханасына бағытталды. Мұндағы сөрелер қажетті дәрі-дәрмекпен толыққан. Егер дәрі таусылса екі күн сайын тапсырыспен уақытылы жеткізіліп отырады. Бір айтарлығы, ұзын-сонар кезектен көз ашпайтын дәріхананың алдында тұтынушылар қатары сиреген. Фармацевтің айтуынша, кезек соңғы 2-3 күнде азайған. Ал қажетті дәрілер қолжетімді бағада сатылуда. Өз кезегінде Серік Ахмет дәрілердің баға тұрақтылығына назар аударып, оның жеткілікті болуын назарға алды.
Одан соң сапар Байқоңыр қаласының әкімшілік басшысымен кездесуге ұласты. Келелі кездесуден соң көпбейінді ауруханасы мен Ақай ауылындағы Төретам ауылдық ауруханасының жай-күйімен танысты. Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасында 120 төсек орынға арналған провизорлық стационар құрылған. Оның 60-ы қалада, 60-ы Төретам ауылдық ауруханасында.
– Індетпен күреске 16 дәрігер, 34 орта, 32 кіші медициналық персонал жұмылдырылған. Қалада 100 төсек орын, Төретам ауылдық ауруханасында 95 төсек орынға дейін көбейтілген. 6 өкпені жасанды тыныстандыру аппараты мен 10 оттегі концентраты бар. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес қалалық ауруханаға 1 дана ИВЛ аппараты келіп, алдағы уақытта іске қосылады, – деді аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ержан Игенбаев.
Өз кезегінде Серік Әбжәлелұлы аудан әкімдігіне тұрғындар пайдалану үшін дәрілік заттардың жеткілікті болуын, кәсіпкерлер тарапынан қолдан бағаның көтерілмеуін бақылауға алуды тапсырды.
Келесі бағыт Жосалы кентіндегі аудандық балалар кітапханасына бұрылды. Мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын тапсырды. Кітапхана ғимараты 1990 жылы пайдалануға берілген. Биыл бағдарлама бойынша қаржы бөлініп, бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Келісім-шарт бойынша бұл 31 тамызда аяқталуы тиіс.
– «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар тізіміне бірнеше нысанның қайта жаңғыртылуы мен жөндеу жұмысы кіріп отыр. Қазіргі таңда тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуде тұрған 382 жұмыссыз азаматқа жолдама берілген. Алдағы айларда бағдарлама аясында қайтарымсыз гранттар мен шағын несие алған азаматтарға жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарлануда, – деді өңірдің тыныс-тіршілігін баяндаған аудан басшысы Мұса Қалдарбеков.

Серік Әбжәлелұлы сапар барысында кент орталығындағы ЖК «Кенебаева» дәріханасына аялдады. Мұнда тұтынушыға қажетті кейбір дәрілер болмаса да, оның орнын ауыстыра алатын қажет препараттар бар. Егер таусылса, тапсырыспен, екі күнде алдырып отырады. Дәріхананың қызметіне өз бағасын берген облыс әкімі орынбасарының сапары аудандық емхана мен ауруханада жалғасын тапты. Амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасына қарасты елді мекендерде 6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік акушерлік пункт, 6 медициналық бекет бар. Ауылдық округтердегі 5 дәрігерлік амбулаторияның күндізгі емдеу бөлімінде 5 төсек орны, 1 дәрігерлік амбулаторияның күндізгі емдеу бөлімінде 10 төсек орын бар. Дәрігерлік амбулаториялар алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Ал ауылдағы жағдайы ауыр науқастар аудан орталығындағы ауруханаға жеткізіледі.
– Пневмония, тұмау аурулары көбейіп, коронавирустың инфекциясына тұрақсыз болуына орай қосымша 150 төсек орнына қажетті құрал жабдықтар, дәрі-дәрмектер мен дезинфекциялық препараттар дайындалды. Қосымша 150 төсек орны ашылатын жағдайда қажетті медициналық персонал басқа мамандықтағы дәрігерлерді қайта даярлау арқылы тартылатын болады, – деді аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев.
Мұнда 7 дана жасанды өкпені желдету аппараты, 4 дана оксигенератор бар. Ал індет жұқтырғандар саны – 103. Оның 34-і симптомды болса, 69-ы симптомсыз болып отыр.
Жалпы коронавирусқа күмәнді болған науқастар бірінші кезекте провизорлық бөлімшеге жатқызылып, ем қабылдайды. Осы бөлімшеде күмәнді науқастардан сынама алынып, облыстық вирусология лабораториясына жіберіледі. Сынама оң нәтижесін көрсеткен жағдайда науқас бокс бөлімшесіне аударылады. Сынама теріс нәтиже көрсетсе емін толық аяқтап, амбулаториялық бақылауға алынады.
Дәрігерлік бақылау, скрингтік тексеру және де коронавирустық инфекция жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандардың ішінен симптомсыз, бірақ сынама нәтиже оң көрсеткен науқастарды КВИ симптомсыз бөлімшеге жатқызылады.
Ауруы анықталған науқастармен қарым-қатынаста болғандар карантиндік стационарға жатқызылып, сынама тапсырады.
Аудандық аурухананың қазіргі ахуалына қаныққан облыс әкімінің орынбасары індетпен күресуге жұмыла қолдау білдіріп, көмек көрсетіп жүрген жомарт жандармен кездесіп, игі істеріне алғысын айтты.
– Өмір мен өлім арасында індетпен күресіп, ем алып жатқан науқастарға барынша жағдай жасалуы керек. Үйінде ем-домын алып жатқандар да бақылауда болсын. Қажетті дәрі-дәрмектермен толықтай қамтамасыз етілсін. Президент тапсырмалары сапалы әрі уақытылы орындалу қажет. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы бірқатар қолдауға ие болып отырмыз. Сол үшін бөлінген қаражыны тиімді игеріп, оның мақсатты жұмсалуын бақылауға алыңыздар. Ел басына күн туғанда ауыр жүкті жұмыла көтерген халықпыз ғой. Алдымен ақ халатты абзал жандарға, қысылтаяң уақытта демеу болған азаматтарға алғысымды білдіремін, – деді аймақ басшысының орынбасары С.Ахмет.
Сапар соңында аудандық аграрлы-техникалық колледжіндегі ұйымдастырылған карантиндік стационарға барған Серік Ахмет мұндағы жұмыспен танысып, санитарлық-профилактикалық талаптардың орындалуын бақылау үшін құрылған мониторингтік топ мүшелерімен кездесті.

Айнұр ӘЛИ
18 шілде 2020 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 087

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031