» » Әдеп жөніндегі уәкіл институты өзінің қажеттілігін дәлелдеді

Әдеп жөніндегі уәкіл институты өзінің қажеттілігін дәлелдеді

Халқымызда «Билігі мықты елдің тірлігі құтты болар» деген қанатты сөз бар. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған Отаны мен мемлекетіне адал қызмет етуімен бағаланады. Сондықтан ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтатын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Өйткені мемлекеттік қызметші биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдамасын іске асыру міндетін жүктегені баршамызға белгілі. Осы ретте, әрбір тұрғынның өтініш тілегін орындауда мемлекеттік қызметшілер маңызды рөл атқарады.
Кәсіби мемлекеттік аппарат мем¬лекеттік қызметшінің жоғары білік¬ті¬лі¬гіне негізделсе, халық үнін тыңдай білу лауазымды адамдардың өзі ісіне деген үлкен жауапкершілікті сезінуіне байланысты. Моральдық-әдептілік құндылықтарды жоғарылатудың тағы бір құралы болып Әдеп жөніңдегі уәкіл институты табылады. Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі – ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұл мақсаттағы жұмыстар ауданымызда жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында сауалнама өткізіп, сондай-ақ, азаматтарды қабылдау өткізілуде.
Өздеріңіз білесіздер, әдеп жөніндегі уәкілдер инс¬титутын нығайту халықтың мем¬ле¬кет¬тік ор¬¬ган¬¬дарға деген сенімінің ар¬¬туына, мемлекеттік қыз¬метшілердің мәде¬ниетінің қа¬лыשּׁ¬¬¬тасуына, сондай-ақ сыбайлас же쬬¬қорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларының бұ¬¬зылуының алдын алуға мүмкіндік б嬬реді.
Қармақшы ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл жұмысының жағымды аспектілердің бірі ағымдағы жылдың І жартыжылдығында қашықтан өткізілген семинары, онлайн лекция және БАҚ арқылы 20 мәрте түсіндірме шаралары. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл жұмыстар екі есеге артып отыр.
Мұнымен қоса, аудан әкімдігінде бюджет, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамалары талаптарын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық оқытулар өткізілді. Аудан тұрғындарын жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының «Сенім» телефондары және жеке, заңды тұлғаларды қабылдау кестелерімен хабардар ету мақсатында, аудандық «Қармақшы таңы» газетіне аталған ақпараттар тоқсан сайын беріліп келеді. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 15 адам консультациялық көмек алды. (2019 жылдың қорытындысымен 10 адам консультациялық көмекке жүгінген).
Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілер және аудан тұрғындары арасында әдеп жөніндегі уәкілдің беделінің артып келе жатқанын аңғаруға болады. Бұдан басқа, тұрақты түрде ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында 300 мемлекеттік қызметші мен аудан әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлеріне анонимді сауалнамалар жүргізіліп, қорытындысымен тиісті ұсынымдар енгізілді.
Айта кететін болсам, жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде ауданымыздағы балабақша қызметкерлерінің айлық жалақыларын есептеу мәселесіне байланысты түсінбеушіліктер туындаған болатын. Алайда, дер кезінде тиісті шаралар қабылдап (бухгалтерлер ай сайын ұжымға есеп беріп тұру және заңдылықты қатаң сақтау жөнінде тапсырмалар берілді), енгізілген ұсымдардың орындалуы бақылауға алынды.
Ауданда сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, алдын алу, заңдылықты қатаң сақтау жөнінде, сондай-ақ, республика көлемінде орын алған сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар мен тапсырмалар жазбаша түрде ескертпе хат ретінде аудан әкімдігіне қарасты барлық жергілікті атқарушы мекемелерге жүйелі түрде жолдап отыру тәжірибеге енгізілген.
Бұдан бөлек, аудандағы барлық ауылдық округтердің орталықтарында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауды насихаттайтын көрнекі ақпараттық бильбордтардың 300 данасы ілініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында жергілікті баспасөзде 50 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп келеді.
Мемлекеттік сатып алу аясында қолданыстағы заңнамаларды таныстыруға, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының талаптарын, сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс жасауға және т.б. мәселелерге қатысты тәжірибелі сарапшы мамандарының қатысуымен аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлім, қала, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты мамандары мен есепшілері оқытылды.
Бұл өз кезегінде, мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтарды болдырмауда, сондай-ақ бюджет қаржысын тиімді игеруде оң әсерін тигізді.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші және бұл жұмыстар төңірегінде бірқатар шаралар атқарылды. Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру мен мемлекеттік қызметшілерді одан әрі ынталандыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметшілермен еркін форматта ашық кездесуі өтіп тұрады.
Кездесу барысында тікелей интернет байланысы арқылы аудан бойынша барлық мемлекеттік қызметшілер құттықталып, түрлі салаларда қызмет жасап жүрген мемлекеттік қызметшілер марапатталып келеді.
Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде алдағы жоспарлар барысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев¬тың "Жергілікті атқарушы органдар халықпен тығыз байланыс орнатудың жаңа форматына көшуі керек" деген тапсырмасына бағытталады.
Яғни, мемлекеттік органдардың ашық қызметін қамтамасыз етуге және бюрократиялық кедергілерді жоюға бағытталған «Open space» қағидасы негізінде жұмыс жасау тәжірибесін кеңінен енгізу.
Қазіргі таңда, аудандық жұмыспен қамту орталығының ғимаратында "Ашық кеңістік" форматына көшіру мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін бұдан әрі жандандыруға жұмыстары жүргізіле береді.
Елге қызмет ету қашан да мерейлі мәртебе екенін ойласақ, қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметшілерге шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Әділ ҚОШАЛАҚОВ,
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл

23 маусым 2020 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031