» » Мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғаудағы әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі

Мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғаудағы әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі

Біз өмір сүріп жатқан қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы қарапайым адамдар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі уәжіне құлақ асып, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет.
Мемлекеттік қызметшілердің басты ережесі саналатын Әдеп кодексі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген.
Бұл кодекс мемлекеттік қызметкерлердің қызметтегі және күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын түзді. Соған сай мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкіл енгізілді.
Осы ретте Қармақшы ауданы әкімдігінде Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқару жауапкершілігі жүктелді. Жауапкершілігі жоғары қызметте сенім үдесінен шығып, аянбай қызмет ету негізгі мақсатым болды.
Өзіңнің жүріс – тұрысыңмен, халқыңа адал да абыройлы болу басты парызым деп есептеймін.
Өйткені Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларының сақталуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы әрекеттердің алдын алу жұмыстарын үйлестіру жатады.
Осы ретте мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн. Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Демек қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жеке өмірінде де аңдап басып, өз ісімен өзгеге үлгі болуды естен шығармағаны абзал. Олардың күнделікті міндеті қарапайым адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырылатынын ескерсек, мемлекеттік қызметшіге кәсіби біліктілікпен қатар адамгершілік қасиеттер де ауадай қажет. Қалай десек те, мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмір салты тиісті заң талаптарына толық сай болғаны дұрыс.
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін көтеру мақсатында жағдаяттық мысалдар негізінде берілетін «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығын (pocketbook) әзірлегенін атап өткен жөн.
Бұдан мемлекеттік қызметке қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдірілгенін аңғару қиын емес. Оның үстіне бұл сала мамандарына әркез жоғары талаптар қойылып келеді.
Биылғы Мемлекет басшысының Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш – тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдамасын іске асыру міндетін жүктеді.
Осы ретте ауданымызда әрбір тұрғынның өтініш-тілектерін орындау да маңызды. Өйткені ауданымыздың көркеюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін тауып, халыққа жақын болып қолдау білдіру, қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесіп, халықпен кері байланыс орнату әрқашанда мемлекетке сенімділікті арттыратыны сөзсіз.
Жергілікті басылымдарда, аудан әкімдігінің ресми-интернет ресурсында Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен жиналыстар туралы мәліметтер орналастырылуда.
«Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі «Қармақшы ауданының әкімдігі» ресми парақшасында да ақпараттар мерзімінде жариялануда. Әлеуметтік желіде халықпен кері байланыс орнату, жұмыстарды ашықтыққа, күнделікті бақылауға алынды.
Сондай-ақ, мекемелердегі моральдық-психологиялық жай-күйін анықтау мақсатында ағымдағы жылы 2 мәрте мемлекеттік қызметшілерден анонимді сауалнамалар жүргізілді. Жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде 2019 жылдың 1 жартыжылдығында алынған сауалнамамен 3 тоқсандағы сауалнамаларды салыстырғанда, қызметкерлердің жұмыс тәртібінің және қызметтік әдеп нормаларының сақталуы, ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалдың жай-күйі, жұмысшы мен жұмыскер арасындағы өзара қатынастары бойынша біршама алға илгерілеу байқалады. Қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар енгізіліп, тиісті шаралар қабылданды.
Қазіргі таңда Қармақшы ауданы әкімдігі ғимаратында «Скуд» жүйесі орнатылып, қалыпты жұмыстар жүргізілуде. Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының кадр қызметі (персоналды басқару) бөлімі арқылы мерзімінде «Скуд» жүйесі бойынша аппарат қызметкерлерінің жұмыс орнына уақытылы келіп кетуіне мониторинг жүргізіліп, жұмыс режимін бұзу фактілері орын алған жоқ.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ашық қызметін қамтамасыз ету бағытында «Open space» яғни, «Ашық кеңістік» форматы бойынша жұмыс жасау тәжірибесі ауданымызда жүзеге асуда.
Бүгінгі күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимараты, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі және аудандық жұмыспен қамту орталығы ғимараты «Ашық кеңістік» форматына көшірілген.
Қарапайым халықпен қызмет барысында күнделікті байланысқа түсетін мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары мәдениеттілікті қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік органдарға сенімін нығайту мақсатында нұсқаулық мемлекеттік қызметшілер арасында таратуға жолданды.
Бүгінгі таңда ауданымыздағы аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік әкімшілік қызметшілер көтермелеу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп, марапаттау жұмыстары атқарылып келеді.
Әділ ҚОШАЛАҚОВ,
аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл
25 желтоқсан 2019 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031