Сынақтан сүрінбей өтейік
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – ТҮЛЕК ҮШІН МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢНІҢ БІРІ. 11 ЖЫЛ БОЙЫ ТӘЛІМ БЕРГЕН ҰСТАЗ ШӘКІРТІНІҢ БҰЛ СЫННАН СҮРІНБЕЙ ӨТУІН, ҮКІЛЕГЕН ҮМІТ АРТҚАН АТААНА ПЕРЗЕНТІНІҢ СЕНІМНЕН ШЫҒУЫН ТІЛЕЙДІ. ОСЫ МАҢЫЗДЫ КҮН АУДАНДА 23-29 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА ӨТПЕК. ПАНДЕМИЯҒА ОРАЙ ҰБТ ӨТКІЗУДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАНДАЙ? АУДАНҒА ҚАРАСТЫ ЕКІ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ АЛДАҒЫ СЫНАҚҚА САҚАДАЙ САЙ МА? ОСЫ СҰРАҚТАРДЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН ТІЛДЕСКЕН ЕДІК.
Негізінен оқушының ҰБТ тапсыруы – атаанасы мен туыстары үшін ерекше жағдай. Сол себепті, оны қолдаушылар әрдайым сыртта күтіп тұрушы еді. Бұл турасында биылғы жайдың жөні бөлек. Өйткені осы жолы ата-аналар келе алмайды. Бұл қазіргі уақыттағы дерттің дендемеуі үшін қолданылып отырған қажетті шараның бірі. Десе де, ата-аналар ҰБТ-ның қалай өтіп жатқанын онлайн көре алады. Ол үшін тест орталығында 24 дана жаңа IP бейнекамералар орнатылған. Сол себепті, ата-аналарға алаңдауға негіз жоқ.
Ауданда алдыңғы жылдарға қарағанда биыл ҰБТ тапсыруға ниетті түлектің қатары артқан. Бұл жағымды жаңалыққа аудандық білім бөлімінің басшысы Дастан Нәзікбаев ерекше тоқталып өтті.
– Аудан бойынша 563 мектеп бітірушінің 511-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Бұл пайыздық өлшеммен 90 процентті құрайды. Бұл қуанарлық жайт. Олардың 280-і Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейінде орналасқан ҰБТӨП-тің №779 филиалы арқылы 23-24 маусым күндері, ал 231 бітіруші Ақай ауылындағы ҰБТӨП-тің №857 филиалы арқылы 28-29 маусым күндері ҰБТ тапсырады. Алыс-жақын қашықтағы елді мекендерден келетін 106 түлекті тасымалдау, тамақтану және жатын орындары үшін қажетті қаржы бөлініп ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, – дейді Д.Мырзабекұлы.
Ұлттық тестілеу орталығының филиалдары Министрліктің техникалық-сипаттамалық талабына сай қажетті техникалық құрылғымен толық қамтылған. Бейнекамерадан бөлек екі филиал да 2 рамалы және 4 қол металліздегішпен, әр аудитория желдеткішпен жабдықталған. 17 ұялы телефон дабылын басу құралының электромагниттік өріске зертханалық өлшемдер жүргізіліп, сәйкестігі туралы хаттамалары алынған.
– Ал пандемияға орай ҰБТ өткізу барысында талапкердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық тестілеу орталығы орналасқан мекеме арнайы алгоритмі бойынша жабдықталды. Атап айтсам, екі филиал базасында 2 дезинфекциялық тоннель құрылғысы кілемшелерімен орнатылып, 8 электронды термометр алынды. Кіреберіс, аудитория мен әжетханаларда 9 дана санитайзер орналастырылды. Орталық базалары 300 литр дезинфекциялық сұйықтық концентрация қорымен, сұйық сабын, қол кептіргіш, қағаз майлық, 17 бактерецитті лампалармен қамтамасыз етілді. Біз үшін оқушының денсаулығы басты назарда. Сол себепті санитарлық нормаларды қатаң басшылыққа алып, арнайы талапқа сай жұмыс жүргізудеміз, – дейді бөлім басшысы.
Пайдаланылған бетпердеге арналған жәшік пен оларды жою жұмыстары да ұйымдастырылған. Ал ҰБТ өткізетін ғимараттың іші мен айналасын бір күн бұрын залалсыздандыру үшін дезинфекциялық қор бөлінген. Тестілеу кезінде ҰТО-на тартылған қызметкерлер, мемлекеттік комиссия мүшелері үшін арнайы бетперде, антисептик, бір реттік қолғаптар алынған. Айта кетерлігі, оқушылар да арнайы бетпердемен қамтамасыз етіледі. ҰБТ тапсырушы бала үйінен бетперде тағып келеді, бірақ аудиторияға кірерде оларға арнайы бетперде беріледі. Мұның да өзіндік себебі бар, оқушының бетпердесі сапасыз немесе ескірген болуы мүмкін. Осыған орай, олар ішке кіргізілген сәттен бастап, қайта шығып кеткенше әр екі сағат сайын оны ауыстырып отырады. Оқушылар қорғаныш киімін немесе медициналық қолғап кимейді. Өйткені, аудитория оқушылар кіргенге дейін залалсыздандырылады және аудитория мен ғимаратқа қолды залалсыздандырып отыратын антисептик сұйықтығы қойылады. Одан бөлек, оқушылардың арақашықтығы 2 метр болуы қатаң қадағаланады.
Сондай-ақ мемлекеттік комиссия жұмыс істейтін және емтихан материалын сақтайтын кабинеттер бейнебақылаумен қамтылған. ҰБТ-ны өткізу барысындағы балалардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында балалар тамақтанатын орын, тасымалданатын автокөлік, жатын орынның талапқа сай ұйымдастырылуы, электр жарығының дұрыс және интернет желісінің үздіксіз берілуіне тиісті сала орындарына хаттар жолданып, жұмыс жүргізілген. Екі ҰТО орналасқан ғимаратқа «Қатерлі қоңырау қызметі» қосылған.
Ал оқушының тестілеуге кіргізілуі әдеттегідей Министрлік бекіткен бұйрыққа сай жүргізіледі. Нақтырақ тоқталсақ, қатысушылар жеке басын сәйкестендіру тестілеуге рұқсатнама мен жеке басын куәландыратын құжаты негізінде, ал жасы 16- ға толмаған түсушілер осы жылы орта білім беру ұйымын аяқтайтыны туралы анықтама негізінде кіргізіледі. Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металліздегіштер пайдаланылады.
Тестілеуге кіргізу кезінде металліздегіштерді қолдану тестілеу өткізу барысында түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа төмендегі тыйым салынған заттарды: ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстар, оның ішінде пейджер, ұялы телефон, планшет, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбук, плеер, модем (мобильді роутер), радио-электрондық байланыстың барлық түрі, оның ішінде (Wi-Fi (Вайфай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағат, сымды және сымсыз құлаққап және тағы басқаларды алып кіруіне жол бермеу үшін қолданылады.
Ескерте кеткен жөн, металліздегішпен тексеру кезінде оқушыдан жоғарыда аталған тыйым салынған заттар табылған жағдайда, Министрлік өкілі осы заңға сәйкес нысан бойынша «ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына кіргізу барысында металл іздегішпен тыйым салынған заттар табылған тестіленушіні ғимараттан шығару туралы» акт жасайды және оқушы сол тестілеуге жіберілмейді. Сондайақ ағымдағы жылғы тестілеуге қатыспайды.
– Биылғы ҰБТ-ның өткізілуі індетке байланысты өзгелешеу болғанымен, түлекке қойылар талап әдеттегідей. Оқушылар тестке кіру және қатысу барысында қойылған ережені сақтай отырып, өз білімдерін жоғары деңгейде қорғап шығады деп сенім білдіремін, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Нәзікбаев.
Иә, түлек үшін толқыныс тудырар тестте ең алдымен сабырлық сақтап, тәртіпке бағыну аса маңызды. Уақытты тиімді пайдаланып, 11 жыл бойы оқып, көңілге тоқығанды ақтарар сын сағатта сыр бермейік. Талабың оң болсын, талапкер!
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА