» » Білім сынағына дайынбыз ба?

Білім сынағына дайынбыз ба?

БИЫЛҒЫ ЖЫЛ ӨЗГЕРІС ПЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ТОЛЫ БОЛМАҚ. ӘЛЕМДІ ӘБІГЕРГЕ САЛҒАН ПАНДЕМИЯ ӘСЕРІНЕН ОҚУШЫЛАР БІЛІМДІ ҚАШЫҚТАН МЕҢГЕРДІ. МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН ЕРЕКШЕ КҮН САНАЛАТЫН 25 МАМЫР ТОЙЛАНБАДЫ. ДЕСЕ ДЕ, ЕЛДЕ АЙТУЛЫ ДАТАНЫ 3-4 МАУСЫМ КҮНДЕРІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ САҚТАЙ ОТЫРА МЕКТЕП АУЛАСЫНДА ӨТКІЗУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ. БАЛАЛЫҚПЕН ҚОШТАСЫП, ЖАҢА ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСҚАН ӘРБІР ТҮЛЕК ҮШІН БҰЛ КҮННІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. ТӘТТІ ЕСТЕЛІККЕ ТОЛЫ БАЛ ШАҚТАН ӨМІРДІҢ САН ТАРАУ ЖОЛЫНА АТТАҒАН АУДАННЫҢ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІ БҰЛ КҮНДІ ТАЛАПҚА САЙ АШЫҚ АЛАҢДА ӨТКІЗДІ. ТҮЛЕКТЕР АЛДЫНДАҒЫ ЕНДІГІ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ – ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ.


Білім беру стандартын меңгеру нәтижесі мемлекеттік емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеуден аңғарылады. Мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттау арқылы мемлекеттік бітіру емтиханын тапсырып, орта білім туралы аттестат алады. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орнына түсуге арналған іріктеу емтиханының негізі. Биылғы төтенше жағдай режиміне сай ҚР Білім және ғылым министрі 4 мамырда No177 бұйрығын шығарған бо- латын. Ел көлемінде осы бұйрық толық басшылыққа алынып, барлық мектепте оқу жұмысын аяқтау жүргізілуде.Бұйрыққа сай түлектер қорытынды аттестаттау тапсырмайды. Аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі.

Ал биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі деп жоспарлануда. Аудан түлектері бұл сынға қаншалықты дайын? Елдегі жағдайға орай ҰБТ өткізуге дайындық қалай? Бұл жөнінде аудандық білім бөліміндегі жауапты маманнан сұрап білдік.

– Биылғы жылы 563 мектеп бітірушінің 511-і Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге өтініш білдірді. Бұл аудан көлеміндегі түлектердің 90,8 проценті. Бітірушілер арасында тестке қатысушылар саны бұрынғыға қарағанда жоғары. Бұл қуантарлық жайт. Түлектердің 280-і Жосалы кентіндегі No250 мектеп-лицейінде орналасқан ҰБТӨП-тің No779 пунктінде, ал 231-і Ақай ауылындағы ҰБТӨП-тің No857 пунктінде тест тапсырады, – дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Нәзен Бахадүрова.
Ал бітірушілердің дайындығына келер болсақ, министрлік төтенше жағдайға байланысты тегін онлайн тестілеу ұйымдастырды. Оқушы неше рет, қашан қатысам десе де өз еркінде. Қатысушылар үйде отырып тегін онлайн сынақ тапсырып өзінің білім дәрежесін анықтап отырды. Жыл көлемінде «Ustadi», «Достық», «5+», ҰТО орталықтарынан сынақ кітапшаларын, онлайн тапсырмалар алу арқылы айына 1-2 реттен байқау сынақтары өткізілді.

Ауданда екі ұлттық тестілеу орталығы жұмыс істейді. Ұлттық тестілеу орталық филиалдары министрліктің техникалық сипаттамалық талаптарына сәйкес 17 аудитория, 2 металліздегіш (рамалы кабина), 4 қосымша қолға ұстайтын металліздегіш, 16 ұялы телефон тұншықтырғыш құралмен қамтылған. Сонымен қатар ҰБТ барысын бақылайтын 24 жаңа IP бейнекамера орнатылған. Бұл арқылы ата-ана баласының, ұстаз шәкіртінің ҰБТ тапсыру кезеңін онлайн түрде көре алады.

ҰБТ-дағы биылғы өзгеріс педагогикалық ғылымдар саласы бойынша мамандық таңдағандар үшін шекті балл – 70 баллды құрауы. Жыл сайын ҰБТ кезінде бақылау күшейтіледі. Металліздегіштен өту барысында кіреберісте тыйым салынған заттар – смартфон, қарапайым телефон, қағаз жазбалар табылған жағдайда қатысушылар тестке жіберілмейді. ҰБТ-ны өткізу барысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің арнайы мониторингтік тобы қоғамдық бақылау жүргізеді.

Қазіргі карантиндік режимге орай инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң шараларды сақтау маңызды. Ол үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізетін пункттің базасында 1 дезинфекциялық тоннель құрылғысы, 4 электронды термометр, кіреберісте, аудиторияда, әжетханада тері антисептигі, дезинфекциялық сұйық қоспа қоры, сұйық сабындар, бір реттік қолғап, бетперделердің болуы талап етілуде.

– Санитариялық талаптар негізінде қажетті дезинфекциялық заттарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Пандемияға орай ҰБТ-ны өткізу барысында талапкер денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты орында. Ол үшін бітірушілердің орналасуын 1,5-2 метр арақашықтықты қамту үшін бекітілген аудиториялардың схемасы сызылып, талапқа сай орналастырылуда. Яғни қойылған талаптың үдесінен шығып, сақтық шаралары үшін қарқынды жұмыстар атқарылуда, – дейді бас маман.

Сондай-ақ, ҰБТ ережесіне сай 50 шақырымнан жоғары қашықтықтан келетін 58 қатысушы және 50 шақырымға дейінгі қашықтықтан келетін 48 қатысушының тамақтануы, тасымалдау және жатын орны үшін де қажетті қаржы бөлінген. ҰБТ-ны өткізу барысында олардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында тамақтанатын орын, тасымалданатын автокөлік, жатын орын электр жарығы, интернет желісінің талапқа сайт жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін бірнеше сала маманы жұмылдырылған. Атап айтар болсақ, аудандық полиция бөлімі, аудандық емхана, төтенше жағдайлар бөлімі, электр торабы мекемесі, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы филиалы, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бақылау, тексеру қызметтері бұл уақытта тиісті жұмыстар атқарады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – қатысушы үшін де, аудан үшін де маңызды сынақтың бірі. Ауданның абыройы, ұстаздың неше жылдық еңбегі де осы тесттен көрінеді. Құт қонған жердің түлектері өздеріне артылған сенімді ақтауы үшін барын салады деген үміттеміз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
06 маусым 2020 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031