» » Қашықтан оқудың оң нәтижесі

Қашықтан оқудың оң нәтижесі

ЕЛІМІЗДЕ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЕНГІЗІЛІП, МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТОҚСАНДЫҚ ДЕМАЛЫСҚА БІР АПТА ЕРТЕ ШЫҚҚАН ЕДІ. СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ IV ТОҚСАННЫҢ САБАҒЫ ОНЛАЙН ЖӘНЕ ҚАШЫҚТАН ӨТТІ. ОСЫ ТОҚСАНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМІЗБЕН БӨЛІССЕК, БІЗ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУҒА ТЕЗ БЕЙІМДЕЛДІК. СЕБЕБІ МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫНЫҢ КӨБІ ОРТА ЖАСТА БОЛСА ДА АЗ УАҚЫТТЫҢ ІШІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ БІЛІМДЕРІН ТЕРЕҢДЕТТІ. ZOOM ПЛАТФОРМАСЫМЕН ВИДЕОСАБАҚ ЖАСАУДЫ ҮЙРЕНІП, ОҚУШЫЛАРҒА ШАҒЫН САБАҚТАРДЫ WHATSAPP ЖЕЛІСІ АРҚЫЛЫ ЖІБЕРСЕ, ОҚУШЫЛАР ҮНЕМІ КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖАСАП ОТЫРДЫ. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕК ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕМЕС, АТА-АНАЛАРДЫҢ ДА БЕЛСЕНДІЛІГІН ОЯТТЫ. ОҒАН ДӘЛЕЛ РЕТІНДЕ 2 СӘУІРДЕ ӨТКЕН ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН АЙТУҒА БОЛАДЫ.

Қашықтан оқыту ұстаз еңбегінің қиын екенін оқушы мен ата-анаға ұғындырып, қашанда ұстаздың мәртебесі биік болатынын дәлелдеді. Сол еңбегімізді біліп ата-аналар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, алғыстарын айтып жатты. Қашықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз. Ақжар ауылындағы No28 мектебінде жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен бақылауда мектеп директоры Амантұр Оспановтың еңбегі елеулі. Мектеп басшысының қиын кезеңде оқу тәрбие жұмысына бас болып, мүмкіндігінше әр оқушының білім алуына жағдай жасауы жан-жақтылығы мен ұйымдастырушылық қабілетінің зор екенін білдіреді. Пән мұғалімдері Қазына Нұрманова, Жұлдызай Жарылқасынова, Болған Медетова, Мәдина Меңлібаева, Гүлнар Абдурахманова, Майра Нұралиева, Арайлым Ешпанова, Шара Досмұратова сынды тәжірибелі ұстаздар қандай қиын жағдайлар туындаса да тығырықтан шығатын жол тауып, аянбай еңбек етті. Әр ауыл, аудан ұстаздары білім алушыны дұрыс ақпараттандыру, сабақтың материалдарын қашықта сауатты жеткізудің тиімді тәсілдерін тапты. Әркімнің өзіндік жеке технологиясы, шеберлігі бар. Француз ойшылы Жан Жак Руссо «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген еді. Қашықтан оқыту кезінде оқытушылар өз уақыттарын аямай 24 сағат, жеті күн жұмыс істеді.

Бұл оқу жүйесі білім алушылармен көзбе-көз ақпарат алмасуға, әркімнің көңіл-күйін білуге мүмкіндік бермейді. Дегенмен уақыт ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдыланудың қажеттігін анық аңғартты. Әрбір өзгерістің өзіндік жақсы жақтары бар. Жаңа жүйе жарқын дүниелерді меңгеруге мүмкіндік, шығармашыл ізденіске шабыт, рухани баюға уақыт берді. Сондықтан мен өз ұжымымның оң жетістіктерін жоғары бағалап, ұстаздар еңбегінің зор екенін дәріптеуді жөн көрдім.

Жаңагүл МЫРЗАБЕКОВА,
No28 мектептің мұғалімі
06 маусым 2020 ж. 800 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031