» » Тәртіп – жеңістің алғашқы нышаны

Тәртіп – жеңістің алғашқы нышаны

Ауданда блок-бекеттердің қойылғанына екі айдан аса уақыт болыпты. Төтенше жағдай енгізілгелі мұнда тәртіп қатал. Кентте төрт науқастан белгі анықталысымен өңір карантинге жабылды. Сырттан келгенді кері қайтарып, іштегілерді үйде ұстады. Әдепкі күні бекеттегі ахуалды білуге осында келдім. Блок-бекеттегі сақшылар ешкімнің көңіліне қарап жатқан жоқ. Себебі тапсырма жоғарыдан берілген. Ешкімді кіргізбе, іштен шығарма. Күнделікті жүріп қалған көліктер сол күнгі тәртіпке тосырқай қарап жан-жалдасып жатыр. Бұл – алғашқы күн еді.
Журналистік қызметпен мұнда келуді жиіге айналдырдым. Өйткені халықты болып жатқан жайтпен хабардар етуді міндет етіп, полиция қызметкерлерінің жұмысын бірге бөлістім. Көктемнің алғашқы айында ауа-райы кім-кімге болсын оңайға соқпады. Оның үстіне оңтүстік аймақтың құрғақ желі ешкімді аяп жатқан жоқ. Құла таңнан кеш батқанға дейін мұнда тәртіп сақшылары табаннан тік тұрып, бекетті күзетіп тұр. Қаз-қатар жиналған көлікті жібермей тексеруде. Мұндайда кім сабырлы кейіппен сөйлесін. Бірі – ауылдан баламды әкелем десе, енді бірі – сырттағы малыма барам дейді. Тіпті тәртіпке бағынбай тәжікелесіп тұрғанды да байқадық. Шықпайды әрине, себебі шығуға рұқсат қағаздары жоқ. Иә, бұл күрмеуі шешілмеген алғашқы күн болатын.
Полиция қызметкерлері тек бекетте тәртіпті тезге салмады. Кеш бата сағат алтыдан кейін кент ішіндегі қозғалысты тыюуға кірісті. Түнімен көшелерді аралап ұйқыны ұмытты. Кент ішіндегі темір жол өткелінде құзырлы органмен білесе тұрып, көше кезгендерге айыппұл салды.
Күн өткен сайын бекеттегі қозғалыстың ретке келе бастағаны кезекті сақтап тұрған көлік қарасынан көріне бастады. Болып жатқан жағдай кімге болмасын оңайға тиіп жатпағаны анық. Дегенмен тәртіп сақшыларының жұмысын түсінген олар сабырлық пен ілтипатын білдіріп те жатыр.
Блок-бекетке жауапты Галымжан Оспанов мұндағы сақшылардың жұмысы мен көліктердің қозғалысын қадағалайды. Ол аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны. Осындағы күнделікті жұмыспен бөлісіп жүргеннен кейін етене араласқан едік.
– Карантин жалғыз бұл бекетке ғана емес, барлық жерге тәртібін жүргізді. Ел-жұрт басында әбігерге салынып, күйзеліске түсті. Себебі қатынайтын жолдар жабылды. Бірі үйіне жете алмай кенттен шыға алмаса, жұмысы барлар қызметіне асықты. Халықтың ашумен айтқан сөздерінде естідік. Бірақ темірдей тәртіпке үйренгеннің арқасында мұның барлығына түсіністік таныттық. Мұнда 12 сағаттан үш ауысым күзетеміз. Уақыт емші деген, қазір ахуал тұрақтады. Карантин біткенімен бекеттегі жұмыс жалғаса береді, – дейді полиция капитаны.
Бүгінде төтенше жағдай режимі аяқталды. Жұмысқа барар жолда арнайы блок-бекетті бақыламаққа ат басын бұрған едік. Десе де мұнда тәртіп бұрынғыша. Ешкімді карантин бітті деп бос жіберіп жатқан жоқ. Сындарлы сәтте сыр бермеген тәртіп сақшыларының еңбегі қашанда бағалы екенін бүгінгі сәт дәлелдегендей.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
16 мамыр 2020 ж. 1 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 084

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031