» » Даниалдың әжесі

Даниалдың әжесі

ТАМАР ҚАЛАБАЙҚЫЗЫМЕН ЖАС АРАЛЫҒЫМЫЗ ОН ЖЫЛ АЙЫРМАШЫЛЫҚ БОЛҒАНЫМЕН ТЕЗ ТІЛ ТАБЫСЫП КЕТТІК. БІЗДІ ТАБЫСТЫРҒАН ДА, ТУЫС ҚЫЛҒАН ДА – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ИГІЛІК" ЖУРНАЛЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ БОЛЫП ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ОНЫҢ ӘРКЕЗ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ ТӘНТІМІН. ЖАСЫ АЛПЫСҚА ТАЯСА ДА ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ БЕЛ ОРТАСЫНДА, ҮЛКЕННІҢ ДЕ, ЖАСТЫҢ ДА ОРТАСЫНАН ТАБЫЛЫП, БІР ТЫНБАЙ ЖҮРГЕНІ. МЕНІҢ БҮГІНГІ АЙТПАҒЫМ – ОЛ КІСІНІҢ КІСІЛІК КЕЛБЕТІ, АНАЛЫҚ МЕЙІРІМІ ЖАЙЫНДА.

Көктемнің шуақты күнінің бірі. Шағын жайға орналасып, демімізді бір алған кез болатын. Пәтерденпәтерге көшуден шаршаған біздің отбасы үшін бұл үлкен қуаныш-ты. Осы қуанышымызды еселеген тағы бір жаңалық болды. Сырттан адамдардың күбірлеген дауысы естілді. Есікке жетем дегенше ар жағынан ағынан жарылып Тамара апайым кіріп келеді. Сөмкесінің ішінен бір уыс кәмпит алып, менің балаларыма қарай "шашу, шашу" деп шашып жіберді. Тәттілерді теріп, рақметімізді айтып жатырмыз. Көрпеше төсеп, көңілімді білдіріп жатқан мен апайдың қасына бірге еріп келген сап-сары балапандай сүйкімді балақайды енді байқадым. Өзі ығысып, апайдың артына қарай тығылады.
– Атың кім?
– Даниал!
– Қай сыныпта оқисың?
– Екінші.
– Қысылма, мен Тамара апайыңның жақын құрбысымын.
Ол жұлып алғандай:
– Ол менің апайым емес, ол менің әжем, – демесі бар ма?!
– Е, жақсы болыпты, әжесінің баласы, – деп қыздарымның қасына қосып, ойнай қойыңдар, – дедім. Балалар алаңсыз ойынға кірісіп кетті.
"Мен қайнадым" дегендей, қызыл оттың үстінде тұрған қызыл шәугім де лезде қайнап, дастарқанға отырдық.
– Мұндай немереңіздің бар екенін қалай білмегенмін?, – деп мен де сұраулы көзбен қарадым апайға. Ол да менің бетіме бір күліп алды да, бұл бір қызық оқиға, құрбым-ау. Күтпеген жерден деп, ол өзінің қалай әже атанғанын айтып, әңгімесін әрі қарай сабақтай кетті.
– Тұрмағамбет ауылына журналдың шаруасымен барғанмын. Сондағы орта мектепке жолым түсті. Зарипа Тасымова мектеп директоры әрі шығармашылық адамы ғой. Аз-кем мәлімет алуға тура келді. Жұмысымды бітіріп, мектептің ауласымен сыртқа шығып бара жатқанбыз, сол кезде орындықта отырған бір топ бала көзіме түсті. Әсіресе, осы – Даниал – деп маған марқая қарады.
Қою шай демделген кесені ұсына отырып, содан соң не болғанын тағы білгім келіп:
– Аты-жөнін сұрадыңыз ба, кімнің баласы екен?
– Сұрадым, бір көргеннен жақсы көріп кеткенім соншалық, қасына барып танысып алдым. Ол да мені аса жатырқамады.
– Сөйтіп сіздің таныстығыңыз басталды Даниалмен!
– Иә, міне осылайша ол маған немере, мен оған әже болып кеттім.
Көрдіңіз бе, өмір – біз күтпеген тосын сыйға толы. Ыстық шайды іше отырып, таңғажайып оқиғаның куәсі болдым. Қалай былай демейін?!
Қазір арада жеті жыл өтіпті. Сол көңіл, сол жылы шырай бізден алыстаған жоқ. Қайта мейірім ұя салған бақтың ауқымы кеңіп, бұлбұлы құйқылжыта ән салуда.
Тамара Төлегенова мен Даниалдың әже мен немереге бергісіз қарым-қатынасы бүгінде туыстық байланысқа ұласқан. Бір-бірін көре алмаса тұра алмайды. Ақ әжесі немересінің әрбір туған күніне сыйлық тарту етуді естен шығармайды. Оның жақын-жуығымен етене араласады. Қуанышы мен қайғысында да бірге. Баласының мектебіне барып, бірге оқитын сыныптастармен сырласуы да өзінше бір керемет. Каникуль кезінде уақытты бірге өткізіп, бірге болуға тырысады.
Бір қызығы – әжесі жыл сайын Даниалдың туған күнімен құттықтап баруды ұмытпайтын. Тек биыл ғана оның он беске толған туған күнін атап өтуге жол түспеді. Ол түсінікті де. Елде төтенше жағдай. Бірақ оны бозбала жақсы түсінеді. Ерекше жанның сыйлығынан бұрын жылы құшағын аңсайды.
Адам баласының ең бір тәтті шағы – балалық шағығой. Даниал да кішкентай кезінде: "Жаратқан иеміз – менің анам болса, мен одан қалағанымды сұрар едім?" дейді екен. Көшеде өтіп бара жатқан әдемі көлікті көрсе, "Әже, өскенде менде де осындай машина болады" деп армандайтыны – Тамара әжесінің төбесін көкке жеткізіп, қанаттандыратын.
Бір-біріне ешқандай көршілік немесе туыстық қатынасы болмаса да, Даниалын туған немересінен кем көрмейтін Тамара Қалабайқызына Алла ұзақ ғұмыр сыйласын, ал мінезі батыл да батыр жігітіміз Даниалдың барлық арман-мақсаты орындалсын!

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
01 мамыр 2020 ж. 1 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031