» » "САБЫР мен СЕНІМ серігім болды"

"САБЫР мен СЕНІМ серігім болды"

Ешкімде алдында не күтіп тұрғанын білмейді. Тосыннан келген пандемия төтеннен төтеп берген дерттің бірі болды. Оның қармауышының күштілігі сондай "менмін" деген мемлекеттердің де басын игізіп, сүлесоқ етті.


Қауіпті індет Қазақстанға да батпандап кіріп, өзінің бар екенін білдірткеніне де біршама уақыт болыпты. Күресіп жатырмыз. Мамандар барын салып, аянып қалмауда. Ескере кетсек, бірлік пен тірлікті ту еткен еліміз қашаннан "Ырыс алды – ынтымақ" деп ауызбіршілігін алға тартып, жанашырлықты жанына серік еткен. Мұның бір көрінісі – осы уақыт аралығында күн сайын тіркелген әрбір науқас үшін демін ішке тартып, олардың тілегін тілеумен келеді. Аты шулы індет түп-түбірімен жойылғанша тілек тілеуден айнымақ емес.

Тілек демекші, газетіміздің өткен санында басылымның бірінші бетіне ауданда тіркелген төрт науқастың ауруханадан жазылып шығып, отбасыларына аман-есен оралғаны жөнінде сүйіншілеп жазған болатынбыз. Бұл көп болып, жұмыла кіріскен жұмыстың нәтижесі, әрине. Түсіне білгенге бұл дүниеде денсаулықтан артық қымбат құндылық бар ма?!

Аяқ астынан қызуы көтеріліп, ауданның жұқпалы ауруларын емдейтін бөлімшеге жатқызылғанның бірі – Жайық Сырлыбайқызы (аты-жөні өзгертілген). Оның айтуынша, осындай қиын кезеңде сабыр сақтап, медицина мамандарының кеңесін мүлтіксіз орындаса, ел еңсермейтін қиыншылық болмайды.

– Оңай болды деп айта алмаймын. Әсіресе психологиялық жағынан. Үрей, қорқыныш басым болғанын несіне жасырайын. Әлем күресіп жатқан кесел кімге ұнасын. Әйтсе де, ақ халатты абзал жандардың қолынан дертіме дауа табарыма сенген едім. Қатты науқастанып түскенімде күндіз-түні қасымнан табылып, қолдарынан келген жылы сөзі мен ем-шипасын дарыта білді. Риясыз көңілден алғыс жаудырғым келеді. Бақытжан Нысанбаев басқаратын аудандық орталық аурухана ұжымына, оның ішінен саланың кәсіби мамандары Алтынай Жүсіпова, Мұхтар Фазылов, Ұлықбек Абдулхамитов, Айдос Жаналиев секілді білікті дәрігерлер мен Әлия Қосназарова, Шынар Алтаева сынды жүзінен мейірімі төгілген медбикелердің еңбегін ерекше атап, ризашылығымды білдіремін. Ешқашан адамдар пандемиямен ауырмасын. Еліміз тездетіп індеттен тазарып, бұрынғы қаз қалпымызға қайта оралуға тілекшімін. Қазір отбасында бақылаудамын. Үйіме оралып, сауығып шыққаныма қуанышымда шек жоқ, – дейді емделіп шығушы.

Дер кезінде қабылдаған ем науқастың жазылып шығуына септігін тигізеді. Сондай-ақ сабыр сақтау мен рухани қуат та бұл кеселдің бетін қайтаратын басты күш. Осындай жігер мен қайраттың арқасында дертті жеңіп шыққан жерлестерімізбен біз қашан да біргеміз!

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
28 сәуір 2020 ж. 1 097 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031