Сенім


Сөз бастайын
сұрап елден амандық,
Елімізде
болмасын еш жамандық.
Індетке де
төтеп беріп бірлесіп,
Болсын дәйім
басқан әрбір қадам нық.

Бәрі жақсы
болады рас, сеніңіз,
Ізгі іске
қай кезде де еріңіз.
Көп тілегі
қабыл болар әлбетте,
Аман болсын
тілерім сол еліміз!

Үміттен тек
сенім ізгі басталар,
Адам түрлі
таба білген басқа амал.
Тауды қозғар
күшке ие ол сенім,
Сенім және
қорған болар тас қамал.

Бойға қуат
сенімнен жөн жинаған,
Алапат күш
сонда тұр мен иланам.
«Құдіретті
күшке ие сенім» деп,
Сөз де қалған
Али Ибн Синадан.

Сондықтан да
болмасын еш секем үн,
Деген жөн тек
мақсатыма жетемін.
Даналарда
айтып кеткен қай дерттің,
Бастауы ол
үрейден де екенін.

Демек дұрыс
үрейге бой бермеген,
Емі жоқ дерт
дегенге жөн сенбеген.
Дәуірлерде
болған талай індеттен,
Ойланайық
кімдер бізді емдеген?

Жауға талай
төтеп берген шеткі мың,
Ұрпағымыз
«өршіл» рухты тектінің.
"БізБіргеміз"
ұранымен жұмылып,
Тоқтатамыз
бұл індеттің екпінін.

Жақсы оймен
санамызды көмкеріп,
Болмаған жөн
сонша әлсіз бор кемік.
Тастайық біз
бірлікпенен індеттің,
Басындағы
тәжісін кеп төңкеріп!

Руслан СӘУЛЕБЕКҰЛЫ

25 сәуір 2020 ж. 1 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031