» » Асқар Ерманов: "Қазіргі жағдайды өткенмен салыстыруға әсте келмейді"

Асқар Ерманов: "Қазіргі жағдайды өткенмен салыстыруға әсте келмейді"

Ұлтымыз бұған дейін де талай мәрте тар жолмен тайғақ кешіп, сындарлы жылдардың сынағын аман-есен өткерді. Елім деген ерлер азат ел болу жолында қан майданда шейіт болды. Қаншама боздақ пен жалындаған жас Отан үшін от кешті. Қан майдандағы ұрысты біз де көрдік. Соның арқасында бүгінде ата-бабамыз аңсаған азаттық қолымызда, көк туымыз көк аспанда желбіреп тұр. Қазір бейбіт елде, тыныш заманда күн кешудеміз. Бейбіт күннің бағасын білуіміз қажет. Өйткені бұл бостандық қазақ халқына оңайлықпен келген жоқ. Қанға сіңген қайсарлық, дуалы сөзге тоқтаған ауызбіршілік, бір үйдің баласындай ұйысқан ынтымақтың, бойдағы күш-қуаттың арқасында халқымыз басқа түскен қиындықтарды еңсеріп келеді.
Қазіргі төтенше жағдайды өткенмен салыстыруға әсте келмейді. Бұл өтпелі кезең. Сабырымыз сынға түсер уақытта шыдамды болып, түсіністік танытуға болады деп ойлаймын. Оның үстіне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа барынша қолдау білдіруде. Төтенше жағдайдың комиссия отырысында табысынан айырылғандарға қаржылай да, азық-түліктей де көмек көрсетілетіні туралы тапсырма берді. Қаншама отандасымыз бұл көмектерді алып, қажетіне жаратуда. Одан бөлек көмекке мұқтаж жандарға коммуналдық төлем де төленуде. Тіпті кәсіпкерлер де төтенше жағдайға орай салықтан босатылды. Оған дәрігерлерге арналған үстемақыны қосыңыз. Мұндай көмек пен жеңілдіктер тізімі әлі де көп. Бүгінгі күнге дейін осыншалықты қаражат бөлінген емес, бұл ел ішіндегі халық қамы үшін жасалған ауқымды шара. Яғни, халық мемлекет қамқорлығынсыз қалып жатқан жоқ. Керісінше, әлемді алаңдатқан індетпен күресе отырып, халықтың қамын да назардан тыс қалдырмауда. Осы ретте біз де өз тарапымыздан көмек қолын созуымыз шарт. Біздің мемлекетке тигізер пайдамыз – қойылған талапты орындап, сақтық шарасын сақтап, үйде болу. Қиын болса да, уақытша екенін есте ұстайық. Бізге қойылған талап ең бірінші өзіміздің, ұрпағымыздың, жақындарымыздың амандығы үшін қажет екенін ескерсек деймін.

Асқар ЕРМАНОВ,
аудандық «Ауғанстан және аймақтық соғыс
ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
25 сәуір 2020 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031