» » Азық-түлік тегін таратылды

Азық-түлік тегін таратылды

Қазір елдің кез келген аймағында #Bizbirgemiz қайырымдылық акциясы ауқымды жүріп жатыр. Себебі төтенше жағдай уақытында мұндай іске белсенділік танытып, үн қосушы көп. Олар тұрмысы төмен отбасыларға тегін азық-түлік таратып қол ұшын созуда. Бұл іске мұрындық болған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік топтамасына қатысты үндеуін жолдап бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы өз үндеуінде қазіргі төтенше жағдайды саралай келе, тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға берілетінін мәлімдеді. Аталған көмекке қол жеткізу үшін адамның әлеуметтік жағдайы қандай болу керек? Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік І, ІІ, ІІІ топ мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеуші, аз қамтылған отбасылар мен ресми тіркелген жұмыссыздарға беріледі. Сондай-ақ Президент азық-түлікті өндіру мен жеткізуге жергілікті шағын және орта бизнес тартылуы тиіс екенін айтты.
Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуда қармақшылық қайырымды жандар бір кісідей атсалысуда. Карантиндік жағдай кезеңінде жомарт жандар, еріктілер, кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға қолдан келгенше күріш, ұн, шемішкі май, бетперде6 тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар таратып көмегін аямауда. Игілікті іс Nur Otan партиясы және жергілікті әкімдікпен бірге қызу жұмыс істеліп жатыр. Жауапты азаматтар азық-түлік жиынтығын реттейді. Ал волонтерлер әкімдік жасаған тізім бойынша азық-түлік жиынтығын тиесілі жерге жеткізеді. Бүгінде ауданда 816 отбасы тізімге алынған. Қазір кентте карантин күшейтілгендіктен күніне онға жуық отбасын қуантып қайтады. Десек те, еріктілер мен жауапты қызметкерлер жұмысын ыждағатпен атқаруда. Өйткені қажетін алған отбасы жүзіндегі қуанышты көру оларға күш береді.
Қайырымды істен ауыл да қалыс қалып жатқан жоқ. Оларда берекелі іске білек сыбана кірісіп өз ауыл тұрғындарын қуантуда. Жаны жақсылыққа құштар Дүр Оңғар ауылының жомарт жандары «сый-несібені өзгемен бөліссең, өміріңе қуат, көңіліңе шуақ береді» деп жақсылық жасауды бүгінде ұран еткен. Ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және «Жаңажол» ЖШС директоры Орынбасар Төлепов ағамыз #Bizbirgemiz акциясын қолдап 403 отбасына азық-түлік таратса, жеке кәсікер Қанат Керейтбаев аз қамтылған І, ІІ топтағы мүгедектер мен тыл ардагерлеріне және көп балалы 50 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Дәл осындай қайырымды істі жалғастырған «Жаңажол» серіктестігінің демеушілігімен «Жаңатұрмыс» шаруа қожалығы да Иіркөл ауылының 48 отбасына күріш, май, қант, макарон тегін таратты. Осы акция аясында Қармақшы ауылының қайырымды азаматтары мен Қызылтам елді мекенінің №79 мектеп ұжымы да қысылтаяң уақытта қол көмегін созып қайырымды істен қалыс қалмады.
Сын сағатта жығылғанға сүйеу бола білетін ел азаматтары мақтауға әбден лайық. Шыны керек, еріктілердің елге жасап жатқан игі істерін азаматтық борыш деп қарауымыз керек. Қиын-қыстау сәтте кәсіпкерлерде ортақ іске ұйысып әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды рухани қолдап, материалдық тұрғыда қол ұшын созуда.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
25 сәуір 2020 ж. 1 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031