» » Дәру – тек дәріден емес

Дәру – тек дәріден емес

30 жылдан аса тәжірибесі бар инфектолог Мұхтар Фазылов ұзақ уақыттан бері аудандық жұқпалы аурулар бөліміне меңгерушілік етеді. Әр түрлі себеппен ауруханаға түскен науқас 3-4 күннің ішінде беті бері қараса «тәуірмін» деп үйге қайтқысы келетіні жасырын емес. Тіпті кейбірі қолхат жазып беруге бар. Ал Мұхтар Анарқұлұлының ерекшелігі қандай санаттағы науқас болсын, емі толық аяқталмай, ауруханадан әсте шығармайды. Дәрігердің мұндай қасиеті пен талабын аудан тұрғындары жақсы біледі. Ақ халаттыларға алғыс айтатын оқырмандар ішінде осы Мұхтар ағамыз бастаған ұжымның қызметіне риясыз рахмет, толағай тілек білдіретіндер көп. Мамандығының мақтанышына айналған азамат емделушіні әр күн сайын жіті бақылап, тиісті кеңесін беруден шаршаған емес. Мұндағы медбикелер мен аяжандар да сондай, талапқа сай қызмет көрсетеді.
Өмірде екі жауапты нәрседен жаңылыспау керегін білеміз. М.Фазыловтың қос таңдауда да қателеспегені аян. Зайыбы Зағипа – дәрігер. Балалары да осы жолда қызмет бастаған. Қиналған сәтте жақындарыңның жағдайыңды жиі-жиі сұрап, өбектегенін қалайсың ғой. Жақсы сөз жанға дауа емес пе? Мұхтар Анарқұлұлының «дәру – тек дәріден емес» дегеніне қарағанда науқасты жылу сыйлайтын, үміт беретін, ойын жақсыға өзгертетіндей сөздермен де емдеуге болады. Әсіресе бүкіл әлемді дүрліктірген аты жаман кеселді осылай емдемесе, адам психологиясына кері әсері көп болмақ.
– Ауданда коронавирус жұқтырған 4 адам тіркеліп, оларға 20 күннен бері ем-дом жүргізудеміз. 2 науқастың емі бітіп, сынамасы жақсы нәтиже көрсеткенде еңбегіміздің қайтқанына қуандық. Олар қазір үй карантиніне ауыстырылды. 3-ші науқастың да емі аяқталып, алғашқы сынамасы алынды. Ал біз соңғы науқас жазылып шыққаннан соң 14 күндік карантинге алынамыз. Біздің де отбасымыз бар. Тіпті кейбір қызметкерлеріміздің кішкентай сәбилері қалды үйінде. «Анашым қашан келесің» деп үн қатқан сағынышты сөздерін құлақ шалса, жүрек елжірейді. Осынау бейбіт заманда ана мен баланы бір-бірінен алшақтатпасын. «Таңдаған мамандығымызға адал боламыз» деп ант еткен соң біз бәріне дайынбыз, қандай қиындықты да жеңеміз. Дертке шипа тапсам деген дамылсыз дәрігерлердің осындай жай-күйін түсініп, тұрғындар кеселмен күресуге күш жұмсаса екен. Өзімнің және ұжымымның атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс білдіремін. Президент тапсырмасына сәйкес короновирус індетімен ауырғандарды емдеп жатқан медицина қызметкерлеріне берілетін үстемақыны облыс әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының ықпалымен біз де алып, қуанудамыз. Қызметіміздің бағаланып, еңбегіміздің еленгені мерейімізді өсіреді, – дейді ол.
Білікті сала жетекшісі 4 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіп отырған аудан әкімшілігіне, аудандық аурухана басшылығына алғыс білдірді. Әр науқас рахметін айтып, батасын бергенде, жұмысына деген құлшынысы арта түсетінін де тілге тиек етті.
Иә, Мұхтар Анарқұлұлы саналы түрде өзі таңдаған мамандығының майталманы болуды бір кезде мақсат еткен. Сол мақсатына жету үшін, талмай еңбектеніпті. Дәрігер ретінде сенім артып, дертіне шипа іздегенге көмек көрсету – парызы екенін ешқашан ұмытқан емес.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА

21 сәуір 2020 ж. 1 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031