» » Үйлену тойын шегеруге мәжбүр болған жұлдыздар кімдер?

Үйлену тойын шегеруге мәжбүр болған жұлдыздар кімдер?

Елімізде коронавирус салдарынан орын алған жағдай көптеген отандастарымыздың құрған жоспарын "күл-талқан" етті. ТЖ режимі кезінде алдағы уақытта елімізде той-томалақтар өткізуге тыйым салынған. Отбасын құрмақ болған жастар енді қуанышын вирус кесірінен кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Той күні карантин уақытына түсіп қалғандардың арасында шоу-бизнес өкілдері де бар. Олар туралы толыққанды мәліметті KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

Биыл наурыз айында ақ көйлек киіп, үлкен әулеттің заңды келіні атанғысы келген Жарқынай Ханайымның арманы кейінірек орындалатын болды.

Әнші Аша Матайдың туған ағасына тұрмысқа шықты. Сырға салу мен ұзатуды өткізіп тастаған ғашықтардың үлкен тойы енді қашан болатыны белгісіз. Бұл туралы ол "Ревю" бағдарламасына сұхбат берген кезінде хабарлады.
Коронавирус салдарынан үйлену тойын өткізе алмайтындар қатарында танымал актер Олжас Әлжанов та бар.

Жақында ғана сүйіктісін ұзатып алған өнер иесі үйлену тойына санаулы күндер қалғанда айтулы шараны кейінге шегерген. Дүбірлі тойға қатысты жоспары өзгеріп кеткенін ол Instagram парақшасы арқылы жеткізді.

Сонымен қатар, Тәуекел Мүсілім, Кентал, Балжан Бидаш, Динара Бақтыбаева секілді өнер жұлдыздары да биыл отбасын құру керек болған. Алайда, аталған шоу-бизнес өкілдері үйлену тойы қашан өтетінін нақты хабарлап айтқан жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген шектеулері мен тыйымдары көп карантиннің жақсы жақтарын да айтты. Ол аталмыш режим отбасыны шын мәнінде жақындата түсетінін жеткізді.

25 наурыз 2020 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728