» » Қалыңдық құрбысының тойға киіп келген киімі жұрттың жағасын ұстатты – видео

Қалыңдық құрбысының тойға киіп келген киімі жұрттың жағасын ұстатты – видео

Қыз құрбысының үйлену тойына ешкім күтпеген костюм таңдапты
АҚШ тұрғыны құрбысының үйлену тойына динозаврдың костюмін киіп келіп, қонақтардың жағасын ұстатты.
Осы сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған. Кадрларда некелесу салтанаты кезінде үйден "тираннозавр" шықты. Біртүрлі кейіпкер қолына гүл ұстап алып, күйеу жігіттің досымен қолтықтасып келеді.
Кейінірек белгілі болғандай, қыз үйлену тойының алдында қатты жүдеп, алдын ала әзірлеп қойған көйлегі үлкейіп қалған екен. Құрбысына басқа көйлек алуға ақшасы жоқ екенін жеткізген ол ең арзан киімді іздеп табады – динозаврдың костюмі.
Алайда үйлену тойына келген қонақтар қыздың бұл қылығын сынға алды. Кейбіреулері жағасын ұстап, мұнысы жас жұбайларды сыйламағандық деді. Дегенмен көпшілік сыр білдірмеуге тырысқан. Ал видеоға жазылған пікірлерге қарасақ, желі қолданушылары әбден күліп, әзіл-қалжыңға толы жазбалар қалдырып, смайликтерді үйіп-төгіпті.
Көп ұзамай қалыңдықтың құрбысы костюмін шешті, сөйтсе тойға әп-әдемі көйлек киіп келген екен.

05 қыркүйек 2019 ж. 5 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031