» » Той-томалаққа тыйым салынды, орындамған жағдайда айыппұл салынады

Той-томалаққа тыйым салынды, орындамған жағдайда айыппұл салынады

Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері кешкі сағат 10-нан кейiн мейрамханаларды жаппай тексерудi қолға алды. Коронавирус пандемиясына байланысты тамақтану орындарының қызмет уақытына да шектеу қойылған. Әсіресе жүздеген адам шақырылатын той-томалаққа тыйым салынғанына мейрамхана қожайындары разы емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда жастарға үйлену тойын жасау үшін 3 млн теңге беру ұсынылды
"Қаладағы мейрамханалардың барлығы мереке күндеріне банкетке тапсырыс алған. Оған азық-түлік сатып алып қойды. Енді той иелері ақшаны қайтаруды сұрап, жан алқымынан алып жатыр. Мұндайда біз не істейміз? Жұмыссыз қалған қызметкерлеріміздің жайы не болады?", - дейді Бану Тілегенова, Ақтөбе облыстық қонақ үй және мейрамхана бизнесі қауымдастығының төрайымы.
Шығынын ойлаған кәсіпкерлер қалалық әкімдіктің мәжіліс залына лық толды. Олардың басым бөлігі – дәмхана мен мейрамхана қожайындары. Енді олар жүздеген адам жинап, той-садақа істей алмайды. Үйлену тойдың өзіне шақырылатын қонақ саны 50-ден аспауы керек. Сондай-ақ, бұрынғыдай түнімен қыдыруға тыйым салынған. Кешкі сағат онда кез келген мейрамхана мен дәмханадан меймандар таралуы тиіс. "Ал той-садақадан бас тартқан тұрғындардың ақшасын толық қайтарып беруі керек", - дейді шенеуніктер.
Тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде тыйымды тыңдамағандар жазаланады деп ескертті. Полицейлер кешкілік тамақтану орындарына тексеру жүргізіп, оннан кейін той болып жатса, кәсіпкерге айыппұл салады немесе 15 тәулікке дейін абақтыға қамай алады.
"Шектеуді ескермегендерге алдымен ескерту береміз. Тыңдамай жатса, шара қолданылады. Мұны әкімшілік сот шешеді. Полицейлер төтенше жағдайға байланысты кешкілік рейдтерге шығып,мейрамханалардағы тексерулер кезінде мұны анықтап отырамыз", - дейді Мақсат Шляшев, Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары.  
18 наурыз 2020 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031