» » Сапалы қызмет – халыққа

Сапалы қызмет – халыққа


ЖОСАЛЫ, 21 наурыз – qarmaqshy-tany.kz ӘЛЕМДІК ЖАҺАНДАНУДАН ҚАЗАҚСТАН ДА ТЫСҚАРЫ ҚАЛҒАН ЖОҚ. ЕЛІМІЗ ӨЗГЕ ЕЛДЕРМЕН БІРГЕ ДАМЫЛСЫЗ КӨШКЕ ІЛЕСУДЕ. ОНЫҢ ІШІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ДАМУ. ОСЫ ОРАЙДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУҒА ӨЗІНДІК ҮЛЕСІН ҚОСҚАН БІРДЕН-БІР МЕКЕМЕ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ.
Қазіргі таңда керек құжатыңызды үйден шықпай-ақ әлеуметтік желілердегі арнайы боттардан алуға болады. Онымен қоса ХҚКО-да өзөзіне қызмет көрсету бұрышы бар. Міне, осы қызметтердің сапасын бақылау, тұрғындардың ұсыныс-пікірінен құлағдар болу мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Бөкенбайұлы ауданда болды.
Директордың қызметтік сапары аудан әкімі Мұса Қалдарбековпен кездесуден басталды. Онда ол ХҚКО мен тіркеу және жер кадастры, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жұмысымен таныстырып, түйткілді мәселелерге тоқталды. Кездесуде алдағы уақытта атқарылар жұмыстар легі талқыланды.
– Ең бастысы – халыққа сапалы қызмет көрсету қажет. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру үшін алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істейміз, – деді Мұса Оспанұлы.
Мұнан соң филиал директорының жұмыс сапары ХҚКО-да жалғасты. А.Қайруллаев орталықтағы арнайы бөлімдердің жұмысымен танысып, қызметкерлермен тілдесті. Мұнда бөлім басшылары өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы істелетін жоспарларынан хабардар етті.
– Аудан бойынша орталық жұмысына жақсы баға беремін. Барлығы – жоғары деңгейде. Өткен жылдың көрсеткіші бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Халық игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тілеймін, – деді А.Бөкенбайұлы.
"Халыққа жақын бол" акциясы аясында филиал басшысы аудан азаматтарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар орталық қызметіне ризашылық танытып, әлеуметтік салаға қатысты ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
21 наурыз 2020 ж. 1 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031